home
home home

Қордай ауданының 500-ге жуық отбасы егіс жұмыстарына аттанды

 

Ағымдағы жылы Қордай ауданынындағы дүнген отбасылары дәстүр бойынша көкөніс дақылдарын өсіруге Шу ауданына аттанған болатын.

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев фермер Лугмар Сандуров пен тағы екі отбасы мүшелері еңбек ететін егіс алқабына ат басын бұрды. Олар 150 гектар жерге пияздың «Манас» сортын өсіруде.

Масанчи ауылының тұрғыны магистралды каналдың жағасына қуатты сорғыш пен су резервуарын орнатып, сол арқылы тамшылатып суару әдісін қолданып отыр. Диқаншылардың айтуынша, биыл олар бір гектардан кем дегенде 80 тоннадан пияз жинауға ниетті. Өз өнімдерін еліміздің әр аймақтарына жеткізбек.

Айта кету керек, биыл Қордай ауданынан 467 дүнген отбасы келіп, егіс жұмыстарын жүргізу үшін 8300 гектардан астам жер алған. Қордай ауданының ауылдарындағы  қайғылы оқиғалардан кейін кейбіреулер дүнген ағайындардың іскерлік белсенділігіне қатысты теріс болжамдар жасаған болатын.

Алайда, бүгінгі таңда бұл еңбекқор халықтың өкілдері өздерінің сүйікті ісімен айнылысып, құнарлы Шу жерінде егістік жұмыстарын сәтті жүзеге асыруда. Бердібек Сапарбаев Л.Сандуровқа пияз өсімінің жақсы жағдайы үшін ризашылығын жеткізіп, қолданылған тыңайтқыштардың сапасы, жұмылдырылған еңбек күші мен жалақы мөлшеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар, өнімді келесі көктемге дейін шығынсыз сақтап отыру үшін қолайлы қоймалар салуға кеңес берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.