home
home home

Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың 2018 -2020 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарынің орындалуы туралы ақпарат

Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың 2018 -2020 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарынің орындалуы туралы ақпарат

 

Қордай ауданында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалары бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары жүйелі түрде орындалуда.

Қордай аудан әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы №232 қаулысымен, Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы қайта құралған.

Қордай ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №50ө өкімімен «Арнайы мониторингтік топ құру туралы» мониторингтік топ құрамы құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясының 4 отырысы (2018 жылдың 23 қаңтары, 11 сәуірде, 20 шілде, 19 қазан)өткізілген.

Нәтижесінде:мемлекеттік орган басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстарының есептері қаралған.

Атап айтсақ:

– 2017 жылдың қорытындысы (есеп берушілер: білім бөлімінің басшысы; тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; Қордай, Ноғайбай ауылдық округ әкімдері);

– 2018 жылдың 1 тоқсанында (есеп берушілер: сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы; Қарасай, Сұлутөр, Отар, Ауқатты ауылдық округ әкімдері).

– 2018 жылдың 6 айында (есеп берушілер: Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының және Қордай аудандық орталық ауруханасы; Степной, Масанчи, ауылдық округ әкімдері).

– 2018 жылдың 9 айында (есеп берушілер:     Қордай ауданы бойынша ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары, Қордай аудандық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің басшысы).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру мақсатында, аудан әкімінің ресми (http://korday.zhambyl.gov.kz) сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы бөлімі құрылған.

Аталған бөлімде:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың Қордай ауданында орындалуы туралы ақпараттар орналастырылған.

Қордай ауданы жергілікті атқарушы оргадар қызметкерлері арасында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптары туралы түсініктеме жұмыстар жүргізіліп тұрады және Заң талаптарына сәйкес көрсетілген мерзімде аппарат қызметкерлері 2018 жылғы табыстары туралы декларация тапсырды.

2018 жылға арналған ішкі бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес, 28 ішкі бақылау шаралары жүргізілген.

Нәтижесінде, наурыз айында – 28 ішкі бақылау (білім бөлімі; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; дене шынықтыру және спорт бөлімі; жер қатынастары бөлімі; ауыл шаруашылығы бөлімі; сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі; ветеринария бөлімі; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және Ветеринариялық қызметі; 19 ауылдық округ әкімінің аппараты).

Қордай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 тамыздағы №353 қаулысының 11 тармағына сәйкес, әдеп жөніндегі уәкілімен әдеп кодексінің қалталы форматы әзірленіп аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне таратылған.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан мемлекеттік қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыбында сауалнама жүргізілген.

Нәтижесінде;

  • Жас қызметкерлердің жалақысы көтеру;
  • Заңды күшейту;
  • пара берген және алған тұлғаларды әлеуметтік желіге салу;
  • басшылыққа адал болу;
  • зейнетақыны көтеру.

Аудан бюджетінен 2018 жылға үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына (500,0 мың теңге) қарастырылып, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Мейірім» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып іс-шараларын өткізуде.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың барлық  ғимараттарында «Пара берсең 15 жылға жазаланасың», «Пара келесі түрде берілуі мүмкін», «Пара берсең, жазаланасың»тақырыптарында азаматтарға арналған жадынамалар ілінген.

Қордай ауданында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Қордай, Отар және Алға, Қасық ауылдық округтердің орталық көшелерінде 5 билборд орналастырылған(«Парақорлық-балалардың арманын ұрлайды», «Отправим коррупцию в глобальный нокаут» «Пара берме, Пара алма», «Не давай взятку, Не бери взятку», Назарсыз қалдырма, жемқорлықтың тізбегін үз).

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында, мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Қордай ауданының 28  атқарушы органдары -92 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде (аудан әкімі аппараты-1, аудан әкімдігінің бөлімдері-8, ауылдық округ әкімі аппараттары-19).

2018 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 191 341 қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

-қағаз нысанында – 6 508  қызмет көрсетілген немесе 3,4 %;

-баламалы түрде – 10 996 қызмет көрсетілген немесе 5,8 %;

-мемлекеттік қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 147 861 қызмет көрсетілген немесе 77,2%.

-«электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 4 510 қызмет көрсетілген немесе 2,4 %;

-Мемлекеттік корпорация – 21 466 қызмет көрсетілген немесе 11,2%.

Есепті кезеңде, Аппараттың кеңсесіне азаматтар мен заңды тұлғалардың кіріуінің еркіндігі қамтамасыз етілген, жеке тұлғадан –              776 өтініш, ал заңды тұлғадан – 419 тіркеліп, арыздары, өтініштері, шағымдары мерзімінде қарастырылған.

Нәтижесінде:

-943 азаматтың өтініші үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiлдi (перенаправлено);

-239 азаматқа өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк берілді;

-1 азаматтың өтiнiшi қанағаттандырудан бас тартылды;

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын-алу мақсатында, тиісті шаралар қолдану үшін, аудан әкімі мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы есепті кезеңде 33 рет ұйымдастырылып,  176 азамат қабылданды.

Нәтижесінде:

-95 азаматтың өтініші қанағаттандырылды;

-81 азаматқа өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк берілді;

Сондай-ақ, басшы лауазымдарды қызметкерлердің өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ.

Мемлекеттік қызметке қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Нәтижесінде: 16 жалпы және 29 ішкі конкурс өткізіліп, 75 үміткер мемлекеттік қызметке қабылданған. 8-сайлау тәртібімен (Кенен, Алға,Үлкен Сұлутөр, Қасық, Қарасай, Бетқайнар, Сарыбұлақ, Жамбыл әкімдері)  жоғары лауазымдарға тағайындалды.

Сала мамандарын іріктеудің тәртібін күшейту, мемлекеттік қызметке қабылдаудың төменгі лауазымдардан басталуы қағидатын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы 24 мемлекеттік қызметкер жоғары лауазымға ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                         29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мемлекеттік органдардың ғимараттарында ілінген.

Аудан әкімі аппаратымен 2018 жылдың 16 қаңтарындааудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Аудан  әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесі мен Қордай мемлекеттік архиві ұжымында 2018 жылдың                       15 наурызында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлерге                  2018 жылдың 26-27 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру бойынша Алға, Қаракемер және Степное ауылдық округтерінде көшпелі семинар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген «Мемлекетік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында нұсқаулығы барлық мемлекеттік органдарға таратылған.

Есепті кезеңде, Қарасу ауылдық округі әкімі мен оның орынбасарының іс-әрекетіне қатысты А.Сайпышева мен Л.Оналбаеваның арыздары қарастырылды.

Нәтижесінде, аталған арызда көрсетілген Заңсыз іс-әрекеттер орын алмағаны анықталған.

Аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің бетіне сыбайлас жемқорлыққа карсы тақырыпта 21 рубрикалық материалдар жарияланған.

Жастар ресурстық орталығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 14 кездесу, 2 флеш моб, дөңгелек үстел 3, сұхбат 2,                   2 байқаулар, 4 спорттық шара ұйымдастырылған.

Атап айтсақ:

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жаңғырту» атты флеш моб (Қордай ауылы. ХҚКО, Әділет басқармасы, Кірістер басқарамсы, №2 ОМ, Бауырхан-Үсен  базарлары 20.02.2018ж. қатысушылар саны-100);

– «Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты кездесу (Қордай ауылы, Әділет басқармасы 26.02.2018 ж. қатысушылар саны-30);

– «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу (Сарыбұлақ ауылы, 12.01.2018 ж № 31 орта мектеп қатысушылар саны-50);

– «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу (Қарасай ауылы, 25.01.2018 ж қатысушылар саны-25);

– «Жемқорлыққа жол жоқ» әңгіме сұхбат (Қарасу ауылы, 14.02.2018 ж қатысушылар саны-30);

– «Жемқорлық үшін Заң алдында жауапкершілік» тақырыбында учаскелік полициямен жастар арасында кездесу (Отар ауылы, 20.02.2018 ж №41 К.Әзербаев атындағы о.м. қатысушылар саны-30);

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кездесу (Бетқайнар ауылы, 22.02.2018 ж қатысушылар саны-20);

– «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу (Әділет басқарамасы, 26.02.2018 ж қатысушылар саны-30);

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында кездесу (Қарасу ауылы, 28.02.2018 ж қатысушылар саны-20);

– «Жемқорлық алдында жауапкершілік» жастармен кездесу (Жамбыл ауылы № 26 о.м. 12.03.2018 ж қатысушылар саны-30);

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу (Қарасай ауылдық округ клубында 15.03.2018 ж, қатысушылар саны-35);

– «Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел (Алға ауылы, 27.03.2018 ж қатысушылар саны-25);

– «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу (Сұлутөр ауылы, 30.03.2018 ж, қатысушылар саны-25);

– «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты кездесу («Қордай» гуманитарлық экономикалық колледжі 06.04.2018 ж, қатысушылар саны-20);

-«Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты кездесу (Қордай ауылы, Береке колледжі). 4.09.2018 жыл. қатысушылар саны-40);

-«Тәуелсіз Ел жемқорлықсыз Ел!» атты дөңгелек үстел (Қордай ауылы, Қордай колледжі). 8.09.2018 жыл. қатысушылар саны-29);

-«Жастар жемқорлыққа қарсы!» кездесу (Кенен ауылы, Мәдениет үй). 11.09.2018 жыл. қатысушылар саны-45);

-«Таза сессия!» плакаттар байқауы (Бетқайнар ауылы,№7 Бетқайнар колледжі). 9.09.2018 жыл. қатысушылар саны-50);

«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон эстафетасы бойынша

-«Жемқорлық індет-жою міндет» плакаттар мен суреттер байқауы. Қасық ауылы, №23 Т.Рысқұлов ОМ). 11.09.2018 жыл. қатысушылар саны-20);

-«Адал еңбек-мұратқа жетелейді» тақырыбында кездесу Степной ауылы ауылдық Кітапхана). 13.09.2018 жыл. қатысушылар саны-35);

-«Жемқорлықтың зияны барма!» тақырыбында сауалнама Отар ауылы, ауыл жастары. қатысушылар саны-60);

-«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» семинар Бетқайнар ауылы,№7 Бетқайнар колледжі). 12.09.2018 жыл. қатысушылар саны-55);

-«Жемқорлықты қалай түсінесің!» тақырыбында дөңгелек үстел. Сарыбұлақ ауылы №25 ом 12.09.2018 жыл. қатысушылар саны-40);

-«Шыншылдық сыбайластықтың жолы кеседі» спорттық шаралар Масанчи ауылы Мәдениет үйі 13.09.2018 жыл қатысушылар саны-80);

-«Парасыз қоғам» атты флеш моб Қордай ауылы №1 Конаев ОМ, «Береке», «Қордай», колледждері 17.09.2018 жыл. қатысушылар саны-250);

-«Жастар біргеміз-жемқорлықты жоямыз!» атты футбол ойыны. Қордай ауылы №3 Абай атындағы орта мектеп спорт залы. 10.11.2018 жыл, қатысушылар саны-70;

-«Біз жемқорлықсыз -Ел боламыз!» атты волейбол ойыны. Қордай ауданы Отар ауылы №41 орта мектеп спорт залы. 24.11.2018 жыл, қатысушылар саны 100 адам;

       -«Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» атты кіші футбол ойыны. 29.11.2018 жыл, Қордай ауылы №2 Балалар мен жасөспірімдер мектебінің спорт аланы. Қатысушылар саны 60 адам;

        -«Мемлекеттік қызметтер көрсетуде жемқорлыққа жол жоқ!» атты кездесу. 10.12.2018 жыл, Қордай ауылы ХҚКО акт залы. Қатысушылар саны 50 адам.

       -«Мемлекеттік қызметтер көрсетуде жемқорлыққа жол жоқ!» атты кездесу. 24.12.2018 жыл, Қордай ауылы Әділет басқармасы Қатысушылар саны 30 адам;

Есепті кезеңде, сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыстық іс (2017 жылы – 3 дерек: Б.Сазанбай, С.Ануарбеков, А.Бегалиева) орын алмаған.

Ал, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар сипатындағы 1 (Е.Мендекеев) құқықбұзушылық орын алған (2017 жылы 3 дерек: Қ.Райымкулов, А.Абдибаев, Д.Қарымсаков).

Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мен «Айлара Сервис компани» ЖШС-нің арасында Қордай ауданы Шарбақты ауылында орналасқан №36 негізгі мектепке спорт залын 61 753 014 теңгеге салу бойынша келісім шарт жасалған.

Қордай ауданы Шарбақты ауылында орналасқан №36 негізгі мектепке спорт залын салу бойынша құрылыс жұмыстары аяқталмастан Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Мендекеев қабылдаған.

Нәтижесінде:

1) аудан әкімінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №135ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Мендекеев Елдос Жылкелдиевичке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабының 6 тармағына,50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшасына сәйкес,мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта