home
home home

Қордай ауданы тұрғындарының назарына!

Қордай ауданы тұрғындарының назарына!

 

Аудандық қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Қордай ауылындағы базарлардың тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуін зерделеу жоспарланған.

Құрамында қоғамдық кеңес мүшелері, Қордай ауылдық округінің мамандары, учаскелік полиция қызметкерлері, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мамандары кіретін комиссия мүшелері белгіленбеген жерде сауда жасау және автотұрақтардың заңдылықтарын анықтау үшін Жібек жолы және Төле би көшелерінің бойында тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырады.

Әкімшілік-құқық бұзушылық фактілері анықталған кезде айыппұлдар салынатынын ескертеміз.

Осы мәселеге байланысты туындаған сұрақтарыңыз болса аудандық қоғамдық кеңестің 4-54-95 телефонына хабарлассаңыздар болады.

Аудандық қоғамдық кеңес


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта