home
home home

Қордай ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылы және 2020 жылдың есепті мерзімінде атқарылған жұмыстардың есебі

Қордай ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылы және 2020 жылдың есепті мерзімінде атқарылған жұмыстардың есебі

 

Құрметті Шәкір Асылханұлы!

Құрметті кеңес мүшелері!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, құқық бұзушылыққа төзбеушiлiк сияқты бiрқатар iзгiлiктi құзыреттер мен жеке қасиеттерін, дағдыларын дамыту, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында есепті мерзім ішінде Қордай ауданы бойынша арнайы                  іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілді.

Аталған іс-шара жоспарының негізінде Қордай ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен 2019 жылдың қорытындысы бойынша және 2020 жылдың есепті кезеңінде  төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Есепті кезеңде әдеп уәкілі тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Әдеп кодексінің  талаптарын сақтау мәселелері бойынша 2019 жылы 97 жеке консультативті көмек көрсетіліп (71- мемлекеттік қызметшілерге , 26-жеке және заңды тұлғаларға), 21 азаматқа жеке қабылдау жүргізілсе, 2020 жылдың  есепті кезеңінде 22 жеке консультативтік көмек көрсетіліп (11-мемлекеттік қызметшіге,11 жеке және заңды тұлғаларға), 5-азаматқа жеке қабылдау жүргізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын түсіндіру, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, еңбек тәртібін сақтау бойынша алдын алу іс шараларын жүргізу бойынша  2019 жылы -32, 2020 жылдың есепті кезеңінде  7 дәрістер мен семинарлар  өткізілді.

Биыл еліміздегі эпидемиологиялық жағдайда байланысты 2020 жылға арналған өңірлік әдеп жөніндегі уәкілдердің  кешенді жоспарын толыққанды жүзеге асыру мүмкін болмауда. Дегенмен де Әдеп Кеңесінің ұсынысы негізінде әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен Қордай ауылының орталық саябағында Қордай ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының қабылдау бөлімдерінің хатшыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мемлекеттік органдардағы хатшылық қызметі жүктелген қызметшілерге телефонмен сөйлесу әдебі түсіндіріліп, кездесу соңында  хатшыларға арнайы жадынама-нұсқаулық таратылды.

Сонымен қатар  есепті кезеңде әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесіне енгізілген өзгерістер бойынша Қордай ауылының орталық саябағында аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен 2 семинар кеңес, онлайн режимде 4 семинар өткізілді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Қордай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мен әдеп жөніндегі уәкілдің  ұйымдастыруымен 2020 жылдың 1 жартыжылдығында әдеп жөніндегі уәкілдің атқарған жұмыстары тақырыбында онлайн-сұхбат өткізілді. Аталған онлайн-сұхбат аудан әкімдігінің Facebook, Инстаграм  желісінде тікелей эфирде өткізіліп, әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Әдеп қағидасы, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлық алдын алу және облыстық және аудандық деңгейдегі спорттық іс-шараларды қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірі  бойынша 2019 жылы  Facebook желісінде 57 мақала, Қордай ауданы әкімдігінің  ресми  сайтында (korday.zhambyl.gov.kz/ru, мемлекеттік қызмет, оның ішінде әдеп жөніндегі уәкіл айдарында) 24  материал, Қордай шамшырағы газетінде 4 мақала  жарияланса, 2020 жылы барлығы 21 материал жарияланды. Оның ішінде Facebook желісінде-15 материал, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарын 6 мақала жарияланды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің ашықтығы қағидаттарын  іске асыру мақсатында 2019 жылдың 3 тоқсанынан бастап Қордай ауданы әкімдігі бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға  құжаттар тапсырған үміткерлермен әңгімелесу отырысы әдеп жөніндегі уәкілдің Facebook желісіндегі парақшасында  тікелей эфир арқылы өткізіліп, барлығы 11 видеороликтер Facebook желісіндегі парақшада  орналастырылды.

Аудандағы мемлекеттік қызметшілерді спорттық іс-шараларға тарту, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ақысыз тегін баруға болатын спорт нысандарының тізбесі жасалынды. (спорт түрі, шұғылдану уақыты бойынша арнайы кесте). Арнайы бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, еркін күрес, бокс, гимнастикамен айналысуына жағдай жасалынды. 2019 жылы мемлекеттік мекемелердің спорт нысандары мемлекеттік қызметшілердің кешкі сағат 19:00-ден 22:00- аралығында  спортпен шұғылдануына тегін қызмет көрсетілді, ал аудан орталығындағы жекеменшік спорт ұйымдары: «Спарта», «СССР», «Метелица» жаттығу залдарында мемлекеттік қызметшілерге 10 пайыздан 40 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылды. Биылғы карантин талаптарына сәйкес аталған қызметтерді алу уақытша тоқтатылды.

Мемлекеттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге тарту бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен аудандық деңгейде 167 мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 11 спорттық іс-шара өткізілді. (баскетбол, шахмат, волейбол, кіші футбол, дойбы, үстел теннисі, бильярд, велошеру, жүгіру).

Сонымен қатар 2019 жылы  әдеп жөніндегі уәкіл мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Ел Астанасы-Нұр-Сұлтан» Елорда мерекесіне орай  Қордай ауданы әкімдігінің, Қордай ауданының  қазынашылық басқармасының және Қордай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының (СЭС) мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен (барлығы 44 мемлекеттік қызметші) мемлекеттік қызметшілердің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтыру мен спортқа баулу мақсатында кіші футболдан аудандық турнир өткізілді.

Сонымен қатар 2019 жылы Қордай ауданы әкімі аппаратының  әдеп жөніндегі уәкілі мен аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қордай ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен волейболдан «Түнгі лига» турнирі өткізілді. Аталған іс шараға 4 команда жалпы саны 25 мемлекеттік қызметші қатысты.

Мемлекеттік қызметшілер арасынан спортпен үнемі шұғылданушылар саны 2019 жылы 68 адам болып, 32,3 % құраса, 2020 жылы 82 адам болып,  39 % құрады. Нәтижесінде, облыс, аудан көлемінде өтетін спорттық жарыстарға белсенді түрде  қатысушы мемлекеттік қызметшілер саны артты.

Сонымен қатар 2019 жылы  әдеп жөніндегі уәкіл мен  мәдениет және тілдеуді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Латын графикасы-мемлекеттік» қызметті атты аудандық байқау өткізіліп, оған 16 мемлекеттік қызметші қатысса, 2020 жылдың есепті кезеңінде 20 мемлекеттік қызметшінің қатысуымен  Қордай ауылындағы орталық саябақта  санитарлық нормалар сақтала отырып «Мемлекеттік қызмет-мәртебелі міндет» атты командалық пікірсайыс  өткізілді. Пікірсайыста мемлекеттік қызметкерлер өз ойларын ортаға салып , дәйекті пікірлерімен бөлісті. Аталған шаралар аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округтерде де жалғасын табатын болады деп жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстар нәтижесі әлеуметтік желіде жарияланды.

Әдеп кеңесінде, сонымен қатар аудан әкімі жанындағы тәртіптік комиссияда өздеріне қатысты тәртіптік іс қаралып, сөгіс, қатаң сөгіс және  қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаларға тартылып, тәртіптік құқық бұзушылық жасау тәуекеліне ұшыраған 2019 жылы 12 мемлекеттік қызметшімен, 2020 жылы 4 мемлекеттік қызметшімен  жеке жұмыс жүргізіліп, оларға заңнама талаптары түсіндірілді.

Жұмыс уақытынан тыс кезеңде үстеме жұмыстарға жол бермеу және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік қызметшілерге хат жолданып, аталған мәселелердің сақталуына мекеменің бірінші басшысы дербес жауапкершілікте болатындығы туралы ескертілді. Жұмыс уақыты аяқталған соң үстеме жұмыстарға жол бермеу мәселесі бойынша  2019 жылы аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелеріне 37 рейд, 2020 жылдың есепті кезеңінде 11 рейд  жүргізілді.

Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін компьютерлерді автоматты түрде ақысыз сөндіру жүйесі аудан әкімінің аппаратына, аудан бойынша   12 бөлімге және 19 ауылдық округ әкімі аппараттарына енгізілді.

Қордай ауданы әкімдігіне қарасты 4 мемлекеттік органда (аудан әкімі аппараты, қаржы, экономика, ішкі саясат) кіруді бақылау және басқару құралы (турникет) орнатылып, қызметкерлер  кіруді бақылау карталарымен қамтамасыз етілді. Аудан әкімдігінің 18 мемлекеттік органымен (6 бөлімі мен 12 ауылдық округ әкімі аппараттары)  кіруді бақылау және басқару құралын алуға мемлекеттік сатып алу рәсімі аяқталып, турникеттерді орналастыру жұмыстары басталды. Осы айдың соңына дейін толығымен орнатылып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.  Аудан әкімдігіне қарасты қалған 4 мемлекеттік органмен  кіруді бақылау және басқару құралдарын орнатуға бюджеттік өтінім берілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың уақытын үнемдеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ашықтық пен жариялылықты, мамандардың кедергісіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін арттыру мақсатында 2020 жылдың  қыркүйек айында Қордай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында сервистік әкімдік ашылады деп жоспарлануда. (құрылыс жұмыстары аяқталды, қажетті техникамен, жихазбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда).

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерінің қызметтік куәліктерін сәйкестендіру карталарына (бэйджиктер QR кодымен) ауыстыру  үшін тапсырыс берілді.

Қордай ауданының әдеп жөніндегі уәкілінің Facebook желісіндегі парақшасында және аудан әкімдігінің ресми сайтында (korday.zhambyl.gov.kz/ru) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлыққа уәждеуге және әдеп нормаларын бұзуды азайтуға бағытталған 3 «Үндеу» жарияланды (2019 жылы-2, 2020 жылы-1).

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша,  оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста » ішкі бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы Қордай ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолындағы мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және күшейту, кәсіби көзқарасты дамыту  мақсатында Development day, яғни даму күні іс шарасының аясында Қордай ауданы әкімдігінің жас мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен өмірлік және іскерлік тәжірибесі мол көшбасшы, қызмет бабында өзін жоғары деңгейде көрсете білген және әділ шешім шығаруының арқасында  халық алдында беделін жоғалтпаған, облысымыздың дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосқан Жамбыл облысының Құрметті азаматы,  Қордай ауданының Құрметті азаматы, Қордай аудандық мәслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты, әрі хатшысы болған, қазіргі уақытта құрметті демалыстағы зейнеткер,  «Құрмет» орденінің иегері Сүгірбай Төле Аманжолұлымен кездесу өткізілді. Аталған кездесуде Төле Аманжолұлы өзінің еңбек жолына тоқталып өтіп,   кездесуге қатысып отырған жас мемлекеттік қызметшілерге өз білімі мен дағдысын, іскерлігін дамыту бойынша баға жетпес тәжірибесімен бөлісті. Аталған іс-шараға 32 мемлекеттік қызметші қатысты.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2019 жылы  мемлекеттік қызметшілер арасында 4 жолы сауалнама жүргізіліп, 602 адам қамтылса,  2020 жылдың есепті кезеңде 210  адам қамтылып  1 жолы анонимді сауалнама жүргізілді. Оның барысында бірқатар мекемелерге күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспауы туралы ұсыныстар жасалды, нәтижесінде сауалнамада 18  адам, яғни мемлекеттік қызметшілердің 8,5 % жұмыста кідіру туралы пікірін білдірді.Көрсетілген олқылық мекемеде штат санының толық болмауына байланысты орын алғаны анықталды. Аталған сауалнамаларға жасалған талдау қорытындысы бойынша мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкілдің үйлестіруімен былтырғы жылы мемлекеттік қызметшілер арасында оқуға ұсынылатын көркем әдеби кітаптар тізімі қалыптастырылып, мемлекеттік қызметшілерге оқуға ұсынылған болатын. 2020 жылы  аталған кітаптар тізбесі қайтадан толықтырылды (Қордай ауданы әкімдігінің  ресми  сайтында korday.zhambyl.gov.kz/ru (мемлекеттік қызмет, оның ішінде әдеп жөніндегі уәкіл айдарында).

         Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін 2019 жылы 8 мемлекеттік қызметші, 2020 жылы 5 мемлекеттік қызметші әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Әдеп уәкілінің үйлестіруімен есепті кезеңде мемлекетттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге тарту бағытындағы шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Аудандағы қоғамдық іс-шараларға мемлекеттік қызметшілер белсене араласып, оның ішінде жасыл-желектер отырғызуға, тал егу акцияларына, сенбіліктерге тұрақты түрде қатысып тұрады.  

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен  Қордай ауылында орналасқан аудандық тарихи-өлкетану музейіне  экскурсия ұйымдастырылып, оған 21 мемлекеттік қызметші қатысты.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарған соң Әдеп уәкілінің үйлестіруімен мемлекеттік қызметшілер үшін еліміздің, өңірдің мұражайларына, тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштеріне, киелі жерлерге экскурсиялар мен келушілерді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Әдеп уәкілімен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық көріністеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге  тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап өте жоғары болғандықтан әсiресе, әдеп мәселесiнiң маңызы зор. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер арасында еңбек тәртібін, әдеп нормаларын сақтау мақсатында  осы бағыттағы әдеп уәкілінің қызметі одан әрі жетілдірілетін болады.

 

Назарларыңызға рахмет!

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта