home
home home

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығы» КМК конкурс жариялайды

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын бос орындарға конкурс жариялайды ( 2 бірлік).  Кәсіпорын атауы: Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.

Мекенжайы: 080400, Қордай а.,  Жібек жолы к., 393, Тел: 8(72636 4-82-73) электрондық пошта: teh_kordai@mail.ru.

Бос орындарға кандидатураларды іріктеу барысында негізгі кәсіби талаптар:  Педагог-психолог В3-4 санаты – 1 бірлік;   Педагог-ұйымдастырушы В3-4 санаты – 1 бірлік.                                                                                 Педагог-психологтың лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және  әлеуметтік саулығын сақтау бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады. Кез келген бейін мен мақсатты психологиялық және педагогикалық диагностика жүргізеді. Педагогикалық ұжымның білім алушылардың жеке басының және әлеуметтік даму проблемаларын шешуге бағыттау мақсатында психологиялық-педагогикалық қорытынды жүргізіп, талдайды. Білім алушының жеке және жасы бойынша ерекшеліктерін ескере отырып білім қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлау және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді, өмірлік және кәсіби орнын белгілеуге қатысты кез келген жағдайда  олардың бейімділігін дамытуға қолғабыс етеді. Әлеуметтік бейімсізденуді алдын алу бойынша іс-шара жүргізеді, психологиялық көмек көрсету бойынша шара қолданады (психологиялық түзету, оңалту, кеңестік). Педагогтарға психологияны тәжірибелік қолдану мәселелері бойынша кеңес береді, педагогтардың әлеуметтік психологиялық біліктілігін көтеруге қолғабыс етеді. Білім беру барысында білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы техника талаптарын орындайды. Бекітілген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.                                                         Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:                                                                          Білімі жоғары «Психология» мамандығы  бойынша немесе бейін бойынша медициналық білім. Мамандығы – «педагог-психолог».  Жұмыс өтілі-2 жылдан кем емес.                                                                                                               Білуі керек:  Қазақстан Республикасының Конституциясың Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында балалардың құқығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарың және білім беру саласындағы басқа нормативтік құқықтық актілерді, педагогика теориясын, психологияны, жас бойынша физиологияны, гигиенаны, белсенді оқыту әдістерін, әлеуметтік-психологиялық  қатынас тренингің оқыту жоспарлары мен бағдарламаларың педагогиалық ғылымның дамыту мен жетістіктерінің негізгі бағыттарың еңбек заңнамасың еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.                                      Педагог-ұйымдастырушы В3-4 санаты-1 бірлік.                                                         Педагог-ұйымдастырушының лауазымдық міндеттері:                                                Білім беру ұйымның білім аулушыларының жас бойынша және  психологиялық ерекшеліктерін, мүдделілігін, қызығушылығын зерделеп, оларды іске асыру бойынша тұрғылықты жері бойынша жығдай жасайды. Таланттарды, ақыл қабілетті және физикалық мүмкіндіктерді дамытуға, жеке бастың жалпы мәдениетін қалыптастыруға қолғабыс етеді. Клубтар, үйірме, секциялар, әуесқой бірлестіктердің жұмысың балалар мен ересектердің бірлескен  жұмысың балалар мен жасөспірімдермен жеке жұмысты ұйымдастырады. Ғылыми техникалық, көрмемөнер шығармашылық, спорттық туристік т.б. сынды бағыттардың бірін басқарады. Балалардың қолданыстағы заңнамаға сай қауымдастықтарда, қоғамдық бірлестіктерге қатысу құқығын іске асыруға қолғабыс етеді. Кештер, мереке, экскурсиялар, балалардың демалысын ұйымдастырады, бос уақыт, ойын-сауық саласында білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын қолдайды. Балалардың мәдени көпшілік іс-шараларда қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізі барысында балалардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін тиісті жағдай жасауды қамтамасыз етеді.                                                                         Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:                                                             Білімі педагогикалық немесе педагогика бейіні бойынша техникалық кәсіби. Педагог-ұйымдастырушы лауазымында жұмыс өтілі-3 жылдан кем емес. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тестілеу бағдарламасына сай нормативтік-құқықтық актілерді білу. Типтік кәсіби талаптарға сай нақты лауазымды кәсіби қызметті тиімді орындау үшін тиісті білім, дағды, икемнің болуы. ҚР Конституциясың ҚР Еңбек Кодексің «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Қазақстан Республикасында тілдер туралы».  Бірінші санаттағы біліктіліктің жоғарғы деңгей педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға сай келу. Одан басқа: жаңа педагогикалық технологияларды,  мақсатты бағдарламаларды әзірлеу, оларды мақұлдау бойынша жұмыс жүргізу; білім беру саласында маңызды проблемаларды әзірлеу бойынша шығармашылық топтарды басқару, өз жұмысында озат педагогикалық тәжірибені және білім беру мен  тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану.                                                                                                   Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға келесі құжаттарды ұсынады:                                         1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;                                                                                                 2) 3х4 фотосурет;                                                                                                                               3) Мекмлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;                                                                                            4) Еркін нысанды жазылған өмірбаян;                                                                                               5) ҚР азаматының жеке басын күәландыратын құжаттың көшірмесі;                                               6) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;                                                                                   7) Сотталмағандығы туралы анықтама;                                                                                                8) Мекенжайы туралы анықтама;                                                                                                                              9) Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;                                                                     10) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысындарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадығы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.                                                                                  Конкурсты өткізу мекенжайы:  ҚР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы,  Жібек жолы к., №393.                                                                                     Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (әңгімелесу орнына және кері қайту бойынша жолақы, пәтер жалдау, т.б.) жеке қаражат есебінен өтеледі. Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта