home
home home

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

 

Қордай ауданында 15 адамнан тұратын аудандық Қоғамдық кеңес құрылған, қазан айында кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп жаңа мүшелермен толықтырылып, зерделеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.

Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»  Жолдауын насихаттау жөніндегі аудандық ақпараттық топтың мүшелерімен бірігіп ауданға қарасты ауылдық аймақтарда болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде өткізілуде.

Қоғамдық кеңес отырыстарында жыл басынан бері жоспар бойынша бірнеше отырыс өткізіліп, төмендегідей мәселелер зерделеніп, талқыланды:

– Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2019 жылғы  аудандық бюджеттің орындалуы туралы есебі тыңдалды;

– Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз жастардың мәселелері, жастардың бизнес бастамалары мен стартап жүйелерін қолдау бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді;

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету департаменті бойынша Қордай аудандық бөлімін зерделеу жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды, тиісті ұсыныстар берілді;

– «Жастар саясатының ауданда орындалу барысы» туралы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалып, кемшіліктер бойынша іс-шара қабылдау ұсынылды;

– Ауданда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесі және оның орындалу барысы бойынша есебі тыңдалып, тиісті ұсыныстар берілді;

– Ауданда су ресурстарының тиімді пайдалануы және ауыл шаруашылық ұйымдарының сумен қамтамасыз ету жұмыстарының есебі тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар берілді;

–  Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері және аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің мамандары бірлесіп аудан орталығындағы дүкендер мен базарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді, тиісті ұсыныстар берілді;

–  Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін қабылданған жаңа форматтағы кепілді атаулы әлеуметтік көмектің аудандағы орындалу барысын зерделеу жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды, тиісті ұсыныстар берілді;

–  «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес Жамбыл ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстарға зерделеу жүргізілді, жұмыс барысындағы кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар берілді.

Қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау бойынша 34 мәселе қаралып, сәйкесінше шешімдер шығарылып, ұсыныстар берілді. Жобаларды қарау кезінде заңнамалық мерзімдер  сақталды.

Кеңейтілген отырыстарда және халықпен кездесу барысында үгіт-насихат тобымен бірге коронавирустың қаншалықты қауіпті індет екені одан сақтандыру жолдары насихатталды.

Қордай ауданы бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын жобаларды бақылау жөніндегі құрылған жұмысшы топта аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері де жұмыс атқарды.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жолға қойылған. ҚК атқарылған жұмыстары туралы ақпарат аудандық қоғамдық-саяси «Қордай шамшырағы»  газеті арқылы жарияланып тұрады. Сондай-ақ, Облыстық Қоғамдық кеңес (q-kenes.kz) сайты арқылы да тұрақты жарияланып  тұрады.

Қоғамдық кеңестің қарауына жеке тұлғалардан келіп түскен арыз–шағымдар тиісті мекемелерге жіберіліп, өтініштері уақытылы қанағаттандырылды.

 

Б.Қарамолдаева, Қордай аудандық

Қоғамдық кеңес төрайымы                                               


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.