home
home home

«Қордай аудандық әкімдігінің Мәдениет үйі» КМҚК (9 бірлік) бос тұрған лауазымдарына конкурс жариялайды

Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қордай аудандық әкімдігінің Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (9 бірлік) бос тұрған лауазымдарына конкурс жариялайды

 

Кәсіпорынның атауы: Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қордай аудандық әкімдігінің Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: Индекс 080400, Қордай ауылы  Жибек жолы көшесі №201, 1 қабат,  тел: 8(72636 4-54-80) электрондық почта коrday.madina@mail.ru

Аудандық мәдениет үйі мен оған қарасты мәдениет ошақтарының бос  лауазымдарына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

   Қордай (Цемзауыт) ауылдық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі В2-2 санаты, 1 бірлік   

Лауазымдық міндеті:

қойылымдардың (спектакльдердің, концерттердің, көрсетілімдердің) музыкалық безендірілуін жасау бойынша жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады;

ұжымның репертуарында музыканы пайдалану әдістерін жасайды;

жаңа қойылымдар үшін музыка жасауға тартылатын композиторлардың кандидатуралары туралы ұсыныстар енгізеді;

оркестрдің, концертмейстердің жұмысын басқарады, қойылымдағы рөлдерді орындаушылармен музыка сабақтарын және дайындықтар өткізеді, радиотехниктер мен дыбыс режиссерлерінің жұмысын қамтамасыз етеді;

сахнада музыканың (ән) орындалуына байланысты рөлдерді бөлуге қатысады;

сахнада музыканың орындалу көркемдік сапасын, жаңа қойылымдардың музыкалық безендірілуін, оркестр әртістері мен жекелей музыкант-орындаушылардың тиісті пайдаланылуы мен жұмыспен жүктелуін қамтамасыз етеді.

Білуі тиіс:

Конституцияны;

Еңбек кодексін;

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«музыкатану» немесе «вокалдық өнер» немесе «дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Аудандық мәдениет үйінің «Ойжайлау» фольклор ансамбліне көркемдік жетекшісі А-3,3-1 санаты 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері:

театр, музыка, би, цирк ұжымдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

тұрақты орындарда, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде қойылымдардың (спектакльдердің, концерттердің, цирк көрсетілімдерінің) жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз етеді, жаңа қойылымдарды жасаумен және бұрын жасалған қойылымдарды жаңартумен, тұрақты, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде оларды жалға берумен байланысты жұмыстар кешенін қамтамасыз етеді;

ағымдағы репертуар қойылымдары көрсетілімінің күнтізбелік жоспарларын қарастырады және бекітеді;

белгіленген нормаларға сәйкес негізгі қойылымдардың көрсетілімін жүзеге асырады, авторлармен жаңа сахналық туындыларды жасау бойынша жұмыстар жүргізеді;

ұжым жұмысының көркемдік қағидаттарын анықтайды, ұзақмерзімді репертуарлар жоспарларын, қойылымдар жасаудың жоспар-кестелерін бекітеді;

қойылым топтары мен орындаушылардың құрамдарын қалыптастырады;

төраға ретінде көркемдік кеңестің жұмысын басқарады;

шығармашылық кадрлардың іріктелуін, орналастырылуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

әртістік-көркемдік персоналдың шығармашылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, қызметкерлерді тарифтеу, ынталандыру туралы және тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

Білуі тиіс:

Конституцияны;

Еңбек кодексін

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын;

шығармашылық үдерістің әдіснамасын, режиссура және актерлік шеберліктің теориясы мен практикасын, сахналық және музыкалық безендіру негіздерін, музыкалық өнер негіздерін, шетелдік театрлық ойын-сауық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін, классикалық және заманауи драматургияны.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«өнер» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша театрлық ойын-сауық ұйымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

       Сарыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушы(уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты ,еңбек демалысы мерзіміне) В2-4 санаты 1 бірлік. Қайнар ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы В2-4 санаты 1 бірлік. Степной ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы(уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты ,еңбек демалысы мерзіміне)   В2-4 санаты 1 бірлік.  Аудандық мәдениет үйінің Ұлттық шығармашылық және жанрлар жөніндегі маман (айтыс өнері) В2-1 санаты 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері:

ойын-сауық, халықтың көңілін көтеру, ойын түрлерін ұйымдастырады;

сценарийлер, тақырыптық бағдарламалар, топтық қызмет көрсету түрлерін, көркем безендіру, әуенмен әрлеу және техникалық жабдықтау жұмыстарын жасауға қатысады;

концерттер үшін сценарийлік жоспарлар жасайды, көркем және музыкалық жетекшілерді, хореографтарды, концертмейстерлерді, шығармашылық топтарды, жеке әншілерді шақырады;

эскиздер мен реквизит заттарын жасайды;

концерттік бағдарламалардың фонограммаларын дайындайды;

смета дайындап, ұйым басшылығына бекітуге ұсынады.

Білуі тиіс:

Конституцияны;

Еңбек кодексін;

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы»; «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын;

клуб жұмысының ұйымдастырылуын, мәдени-демалыс жұмыстарының мәселелері бойынша басқарушы материалдарын, мәдени ұйымдардың озық жұмыс тәжірибелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

«өнер» мамандықтар тобы бойынша немесе «мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Қарасай ауылдық клубының меңгерушісі А3-4, В3-4  1 бірлік

       Лауазымдық міндеттері:

шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын жүзеге асырады;

елді мекен (ықшамаудан), сондай-ақ жақын маңдағы елді мекен (ауыл, кент) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;

клуб жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады;

демалыс кештерін, тақырыптық концерттер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді;

қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени-көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді.

Білуі тиіс:

Конституцияны;

Бюджет кодексін;

Еңбек кодексін;

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын;

клуб жұмыстарын ұйымдастыруды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

       Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінің әдіскері С-2 санаты 1 бірлік

 

      Лауазымдық міндеттері:

ұйымның мәдени-демалыс жұмысын қамтамасыз ететін әдістемелік материалдар, ұсынымдар жасайды;

мәдениет ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерттеп, жинақтайды, оны насихаттап, тәжірибеге енгізуді ұйымдастырады;

жиналыстар, семинарлар, дәрістер, тақырыптық кештер, концерттер және басқа да көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ көрнекілік құралдар мен материалдар дайындауға қатысады;

мекемеге қарасты ұйымдардың қызметі туралы материалдарды жүйелейді және олардың жұмыстарын жетілдіру туралы ұсыныстар дайындайды;

әуесқой бірлестіктердің, мүдделері бір клубтардың шығармашылық ахуалын зерттейді, неғұрлым шығармашылық жетілдірілген топтарды анықтайды;

мәдени-көпшілік іс-шаралардың сценарийлерін дайындауға және қоюға қатысады.

Білуі тиіс:

Конституцияны;

Еңбек кодексін;

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын;

клуб жұмысын ұйымдастыруды, мәдени-демалыс жұмыстарының мәселелері бойынша басқарушы материалдарын, мәдени ұйымдардың озық жұмыс тәжірибелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«өнер» мамандықтар тобы бойынша немесе «мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

«Қордай» халықтық театрының әртісі В2-4 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері:

театр, музыка, би және цирк ұжымдарының көркемдік-әртістік персоналына жаңа және бұған дейін жасалған қойылымдарды (спектакльдерді, концерттерді, көрсетілімдерді) жаңғырту бойынша шығармашылық жұмысты жүзеге асырады;

қойылымдардың жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз етеді;

қойылым топтары мен орындаушылар құрамын қалыптастырады;

шығармашылық құрамның ішінде тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді;

шығармашылық жұмыскерлердің кәсіби шеберліктерін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және тікелей қатысады;

Білуі тиіс:

Конституцияны;

Еңбек кодексін;

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын;

шығармашылық үдеріс әдіснамасын, режиссура және актерлік шеберлік теориясы мен практикасын, сахналық және музыкалық безендіру негіздерін, вокал және хор өнерінің негіздерін, шетел театрларының (концерт ұйымдары) жұмыс тәжірибелерін, классикалық және заманауи драматургияны, музыкалық-сахналық туындының партитурасы және клавирімен жұмыс істеуді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Театртану», «актерлық өнер», «режиссура» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымдарда мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысатын қатысушыларға қойылатын талаптар :

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы заңы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, мәдениет  саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, мәдени іс шараларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін,  еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын. Біліктілігі жоғары деңгейлі маман; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» клуб жұмыстарын ұйымдастыруды, мәдени – демалыс жұмыстарының мәселелері бойынша атқарушы материалдарын, мәдени ұйымдардың озық жұмыс тәжірибелерін білу;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай  бойынша қабылданады:  Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жибек жолы №201 тел:4-54-80.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • 3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Сотталмаған туралы анықтама;
  • Мекен- жай туралы анықтама;
  • Еңбек кітапшасы және еңбек келісім шарты;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы к,  №201.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің түрлерін пайдалану) өздерінің жеке құжатары есебінен жүргізеді.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта