home
home home

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА ! «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету қадамдарының бірі ретінде ағымдағы жылғы 21 қарашада Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізіледі.
Аудан әкімі (оның ішінде ауылдық округ әкімдері) аудан тұрғындарын жеке қабылдайды, олардың өтініштерін тыңдайды және мәселелерінің шешілуін бақылауға алады.
Осы жалпыреспубликалық Бірыңғай қабылдау күні шарасының ұйымдастырылуына байланысты 2019 жылғы 21 қарашада аудан әкімі Болатбек Байқонысұлы Байтөле азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 15 қараша, аяқталуы –
20 қараша.

Қосымша ақпаратты аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінде келесі мекен жайда: Қордай ауылы Төле би көшесі, 106, №13, 14 бөлмелерде алуға болады.
Аудан әкімінің қабылдауы аудан әкімдігінің ғимаратында № 8 бөлмеде сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.  Ауылдық округ әкімдерінің қабылдаулары ауылдық округ әкімдігінің ғимараттарында жүргізіледі.

Аудан әкімінің қабылдауына алдын ала 8(72636) 2-11-74, 4-30-13 телефондары арқылы жазылуға болады.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.