home
home home

Қоғамдық кеңес мүшелері бекітілді

Қоғамдық кеңес мүшелері бекітілді

 

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, оған аудан әкімі Болатбек Байтөле, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала талқыланды.

2016 жылы елімізде қоғамдық кеңестердің құрылғаны белгілі. Заңнамаға сай олардың өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Осыған орай аудандық қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Бұл мақсатта Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмысшы топ ұйымдастырылып, аудандық газетте қоғамдық кеңес құрамына конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланып, 15 адамнан тұратын жаңа құрам белгіленді. Барлығы 22 арыз түсіп, атап айтқанда 2 азамат мемлекеттік орган, 6 азамат коммерциялық емес ұйым атынан ұсынылса, 14 адам өздерін ұсынды. Содан кейін түскен арыздар талқыланып, әр кандидат бойынша ашық дауыс беру басталды. Үш кандидат өз еркімен бас тартып, төртеуі аз дауыс жинады, 15 адам қоғамдық кеңес құрамына сайланып, құрам мәслихат сессиясында бекітілді.

Сонымен бірге, сессияда депутаттар Қордай ауылының «Батыс» тұрғын үй алқабының егжей-тегжейлі жобалау жобасының түзетілуін, Әлжан ана ауылының топографиялық-геологиялық түсірілімін жүргізіп, егжей-тегжейлі жобалау жобасының және даму кестесінің (жеңілдетілген бас жоспар) түзетуін, сонымен бірге ведомствоаралық сипаттағы бірқатар аудандық комиссиялар құрамын бекітті. Барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Келесі сессияның төрағасы ретінде Гащим Джинлир сайланды.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.