home
home home

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, тұрғын үй кезегі және әлеуметтік көмектер туралы

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, тұрғын үй кезегі және әлеуметтік көмектер туралы

 

Көпбалалы отбасыларға кімдер жатады?

Көп балалы отбасыларға –  Қазақстанда кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп баланы асырап отбасылар жатады.

Көпбалалы отбасыларға қандай жәрдемақылар беріледі?

Кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп бала асырап отырған отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беріледі. 2019 жылы оның көлемі 4,16 АЕК – 10 504 теңге болды. Ауданымызда  5 мыңға жуық отбасы осы жәрдемақыны алады, олардың бәрі 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін өтінім бергендер болып табылады. Осы мерзімнен бастап көпбалалыларға берілетін жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекпен біріктірілді. Оны алу үшін орташа жан басына шаққандағы айлық табыс – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан (14849 теңге) төмен болуы тиіс.

Егер көпбалалы отбасы аз қамтылғандар санатына жатса, яғни орташа жан басына шаққандағы айлық табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен болса, атаулы әлеуметтік көмек алуына құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек көлемі белгіленбеген, отбасының табысына байланысты тағайындалады. Жетпейтін сома (әр отбасы мүшесіне 14 849 теңгеге дейін) атаулы әлеуметтік көмек түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз болып бөлінеді. Біріншісі – еңбекке қабілетсіз балалары (көпбалалы аналарға, 7 жасқа дейінгі баланы асырауына байланысты уақытша жұмыс істемейтін жалғызбасты әкелерге, мүгедектерге, қарттарға) жоқ отбасына әр ай сайын төленеді. Ал, шартты атаулы әлеуметтік көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмысқа орналасқанша белігілі бір уақытқа төленеді. Онымен әлеуметтік келісім-шартқа отырады, оқыту курстарына жібереді, кейін жұмысқа орналастырады.

Бұдан бөлек, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне немесе «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі ана даңқы ордендерімен марапатталған барлық көпбалалы аналарға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақы зейнетке шыққанына, сондай-ақ отбасының табысына қарамастан өмір бойына тағайындалады. 2019 жылы оның көлемі 16 160 (6,4 АЕК) құрады және жыл сайын инфляция көлеміне сәйкес индекстеліп отырады. Жәрдемақы аналарға мемлекеттік дәрежесіне сәйкес берілгендіктен, ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты саналмайды.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері төмендегілерден босатылған:

  • Көлік және жер салығы;
  • Тұрғын жайын тіркегенде, төлқұжат және жеке куәліктерін рәсімдегенде баж салықтарын төлемейді.

Көпбалалы отбасылар мемлекеттен берілетін тұрғын үйдің кезегіне тұра ала ма және қандай шарттар бойынша үміткер бола алады?

Көпбалалы отбасылар халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жатады және тұрғын үй кезегіне есепке тұруға құқылы. Оларға басқа үміткерлер сияқты баспана жалға алу шартымен беріледі.

«ҚР мемлекеттік наградалары туралы» заңының 36 бабына сәйкес, «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 118 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары берiлген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй алуға құқылы. Яғни, жеті және одан да көп бала туған көпбалалы аналар,»Алтын алқа» иегерлері мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алуға құқылы.

Көпбалалы аналар зейнетке ерте шығады.

«Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы»ҚР заңының 11 бабының                              3 тармағына сәйкес, 5 және одан да көп баланы дүниеге әкелген немесе асыраған және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер мерзімінен бұрын зейнетке шығады.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта