home
home home

Қазақша үйрену қиын емес

 

Биылғы жылы ауданда аса назар аударылып, көп көңіл бөлінген тіл мәселесі туралы атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтуді жөн көрдік.  Көп ұлтты ауданда қазақ тілін үйренуге ден қойылып, түрлі курстар ашылғаны туралы оқырман хабардар болар. Кеңірек  тоқталып өтсек.

Мәселен, Сортөбе ауылындағы «Бүлдіршін» балабақшасында қазіқ тілін оқыту курсы бүгінде жандана түскен. Онда өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге құлық танытқандар аз емес. «Бүлдіршіннің» бастамасы өзгелерге үлгі болып отырғанын аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары да айтуда.  Жалпы Қарасу, Ауқатты, Масанчи, Сортөбе ауылдық округтеріне қарасты орта мектептерде мемлекеттік тілді меңгеруді қажет ететін 595 педагог және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өзге ұлт өкілдерін құрайтын 136 тәрбиеші жұмыс істеп жатқаны да көпті аңғартады.

Мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін «Тілдерді үйрету орталығында» қазақ тілін жеделдетіп оқытатын курстар ашылып, оның жұмысын жүргізуге қазақ тілінің білікті 40 пән мұғалімі тартылған.  Бүгінгі күнге жалпы 595 педагог (оның ішінде 459 мұғалім, 136 тәрбиеші) курстан өтуде, оның 167-і (оның ішінде 140 мұғалім, 27 тәрбиеші) бірінші деңгейдегі мемлекеттік тілді меңгеріп, келесі кезеңге өткен.  Аталған орталықта 2020 жылдың қаңтар айынан бастап барлығы  812 тыңдаушы, оның ішінде  725 дүнген,  57 орыс, 14 қырғыз, 4 әзірбайжан, 6 өзбек, 2 ұйғыр, 1 балғар, 1 кәріс, 1 қарашай, 1 татар ұлтының өкілдері қамтылған. Оның ішінде оқу курсын аяқтаған тыңдаушылар саны 255 адам.

Ал, Сортөбе, Масанчи, Ауқатты, Қарасу, Бұлар батыр ауылдарында 25 топта 326 тыңдаушы дәріс алып, қазақ тілін игеруде жақсы көрсеткіштерге ие болған. Нақтылап айтсақ,  Сортөбе ауылында – 12 топ, 165 тыңдаушы, Масанчи ауылында – 6 топ, 69 тыңдаушы, Ауқатты ауылында – 2 топ, 28 тыңдаушы, Қарасу ауылында 2 – топ, 22 тыңдаушы,  Бұлар батыр ауылында – 3 топ, 42 тыңдаушы. Осы қарқынмен жалғасатын болса өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін меңгергендер саны келесі жылы едәуір артатыны анық.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.