home
home home

Қаулылар

 

ЖОБА

 

Қордай ауылы

 

 

Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулыры мен индекстерін бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

17 шілдедегі  Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару  және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.   Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2.   «Жамбыл     облысы    Қордай    ауданы    әкімідігінің    тұрғын    үй-

коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

  • осы қаулының әділет органдарында тіркелуін;
  • осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік

күн ішінде оны  ресми  жариялауға  мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

  • осы қаулының  Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында

орналастырылуын;

  • осы қаулыдан   туындайтын   басқа   да   шаралардың   қабылдауын

қамтамасыз етсін.

  1. Қордай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №47 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Орынбаевқа жүктелсін.

 

Осы    қаулы    әділет  органдарында    мемлекеттік   тіркелген    күннен

бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Аудан  әкімі                                                        Б. Байтоле

 

 

    

     «КЕЛІСІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасының басшысы

____________________Ә. Ахатаев

«____»____________2018 жыл

 

 

3

 

Қордай ауданы әкімдігінің

2018  жылғы «     » қазандағы  №____

қаулысына қосымша

 

 

Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

 

Автомобиль жолдары
Индекс Атауы Ұзақтығы (шақырым)
1 КН-КR-1  «Қаракемер-Керу» (0-18,1) 18,1
2 КН-КR-2  «Қаракемер-Қарасай батыр-Еңбекші» (0-33,1) 33,1
3 КН-КR-3  «Сортөбе-Ауқатты-Қызылсай» (0-15,3) 15,3
4 КН-КR-4 «Өтеген-Бәйтерек» (0-8,55) 8,55
5 КН-КR-5  «Отар-Гвардейск» (0-2) 2
6 КН-КR-6 «Отар-Анырақай-Бел» (0-48,1) 48,1
7 КН-КR-7  «Алға-Көгадыр» (0-9) 9
8 КН-КR-8  «Ноғайбай-Сарыбастау» (0-2,8) 2,8
9 КН-КR-9  «Бетқайнар-Соғанды» (0-26,7) 26,7
10 КН-КR-10  «Қақпатас-Беріктас» (0-6) 6
11 КН-КR-11  «Қордай-Шөміш» (0-4,2) 4,2
12 КН-КR-12 «Қордай ауылына кіреберіс» (0-2,1) 2,1
13 КН-КR-13 «Кенен ауылына кіреберіс» (0-2,37) 2,37
14 КН-КR-14 «Ноғайбай ауылына кіреберіс» (0-11) 11
15 КН-КR-15 «Ноғайбай-Шарбақты» (0-14,2) 14,2
16 КН-КR-16 «Мұзбел ауылына кіреберіс» (0-2,3) 2,3
17 КН-КR-17 «Жаңатұрмыс ауылына кіреберіс» (0-2,1) 2,1
18 КН-КR-18 «Арал ауылына кіреберіс» (0-2,8) 2,8
19 КН-КR-19 «Қалғұты ауылына кіреберіс» (0-1,3) 1,3
20 КН-КR-20 «Күнбатыс 1 ауылына кіреберіс» (0-1,9) 1,9
21 КН-КR-21 «Күнбатыс 2 ауылына кіреберіс» (0-1,9) 1,9
    Барлығы 215,82

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта