home
home home

Қаулы №488

 

2018 жыл 12 желтоқсан

№488 қаулы

 

Қордай ауылы

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру мақсатында, Қордай ауданының әкімдігі                    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің басшысы Б.Адылкановтың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Қордай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» №26 қаулысының толығымен орындалуына байланысты бақылаудан алынсын (№1 қосымша).
  3. Қордай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» №47 қаулысының толығымен орындалуына байланысты бақылаудан алынсын (№2 қосымша).
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Кузербаевқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                               Б.Байтөле


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта