home
home home

Қариясын ардақтаған ел

 

«Отырса от басында, көшсе көш басында» жүретін қазыналы қарттарымызға деген құрмет қашанда алдыңғы орында тұратынын бала кезден құлағымызға сіңіріп өскен ұрпақпыз. Тіпті, «қарты бар үйдің қазынасы бар» деген сөзге иланғанымыз соншалық, жасы келген кез келген жанды дана, ақылгөй, дұрыс бағыт нұсқаушы ретінде қабылдадық. Есейе келе жол сілтейтін жанның қажеттілігі сезілгенде де мұның жел сөз емес, жөн сөз екенін ұғындық.

 

Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні деп белгіленген болатын. Міне, бүгінде сол айтулы күннің маңызы артып, қарияларға деген құрмет пен қамқорлық жылдан жылға еш кемитін емес. Біздің ауданда да бұл күні қазыналы қарттарға ерекше көңіл бөлініп, сый-құрмет көрсету дәстүрі қалыптасқан. Биыл да игі дәстүр жалғасын тауып, сейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде ауданымыздың аға буын өкілдері бас қосты. Осындай айтулы күн аясында аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өтіп, оған ауылдық ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі бірнеше мәселені талқылап, шешім шығарды. Соның бірі, ауданда алғаш рет құрылған аналар алқасы болды. Атап өтсек, аталмыш қоғамдық ұйымның мүшелері белгіленіп, төрайымы ретінде Фатима Байбекова сайланды.

Жиын барысында алдымен ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет сөз алып, аталмыш ұйымның жеткен жетістіктері жайында сөз қозғап, қарияларды мерекемен құттықтады. Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов те ізгі тілектерін арнап, аудан басшысы Болатбек Байтөленің құттықтауын жеткізді. Мерекеге орай бірқатар ардагерлеріміз мараптқа да ие болды. Мәселен, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатына Ақлима Қабылбаева ие болса, Ауғанбай Омарбеков, Ноғай Жайықбаев, Владимир Подшибякин, Қаламқас Маймақова, Валерий Сергеев, Магамед Фараджиев, Бейсенқұл Көрпелдесов, Михаил Сидоренко Қордай ауданының «Құрметті ардагері» төс белгісімен марапатталды. Сонымен бірге, Жамбыл облыстық Ардагерлер ұйымының «Құрмет грамотасы» Зейтана Құттықова мен Михаил Сорокинге ұсынылды. Сонымен қатар, аталмыш ұйымның «Алғыс хатымен» Арзанкүл Сыйқымбаева және Бұрылтай Қойшыбаева марапатталды.

Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» келесі ардагерлер марапатталды: Серік Қанатов, Анатолий Бодюков, Қияш Әбдіқасымов, Тілеужан Жұматаев, Седепқан Қолжембаева, Майкен Имашев, Садыққұл Дәулетқұлов, Тамара Данаева, Нәзік Чайсутова, Жомарт Керденов, Беслам Мальсагов, Роза Дүйсекова, Сағымкүл Сәрсенбаева, Тұрысбек Манапбаев, Оңлан Ақмолдаев, Әсия Райымбекова, Орынкүл Көшкенбаева, Саяқ Айдынбаев және Кеңесбай Сүлейменов. Аудандық ардагерлер ұйымының «Алғыс хатына» Рабиға Босқымбаева, Бүбіхан Мамбеталиева, Рыскүл Жасыбаева, Райкүл Жұмағұлова, Рақыш Алиева, Галина Резепина, Людмила Джаникеева, Дыбыс Жазықбаев, Сиязбай Мекерғалиев, Харсан Сваров, Молдабай Қырықбаев, Қосай Өмірәлиев, Мұратхан Сағымбаев, Мағауия Амангелдиев, Ережеп Құрбаналиев, Муса Миложанов, Кәнілбек Қожамқұлов, Тұрғымбай Чонатаев және Анатолий Узлов ие болды.

Марапаттау рәсімінен кейін Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, одан кейін ардагерлер қауымы «Астана» дәмханасыңдажайылған дастарханға шақырылды. Онда Ұлы Отан соғысының ардагері Керімқұл Қосақов ақ батасын беріп, мерекелік шара жалғасын тапты.

Еркін ҚАТБЕКОВ

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта