home
home home

Қарасуда дәрігерлік амбулатория жаңарды

 

Қарасу ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Әр бөлмеге сауықтыру және емдеу шараларын жүргізуге қажетті жаңа құрал-жабдық, медициналық жиһаз орнатылған. Қысқасы, мұнда сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи талаптарға сай келетін жаңартылған амбулатория ауыл тұрғындарын қабылдауды бастап та үлгерген.

Медициналық нысанның бұрынғы тозығы жеткен ескі ғимараты тар болатын, бұл ауыл тұрғындарына да, медицина қызметкерлеріне де қолайсыз болып келген еді. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың шатыры ауыстырылып, едені жөнделіп, линолеум төселіп, электр сымдары, өрт дабылы жүйесі ауыстырылып, сумен қамту және кәріз жүйелері жөнге келген.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.