home
home home

Қарасайдағы кездесу

 

 

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Қарасай ауылында аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатовтың сайлаушыларымен кездесуі өтті. Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндіру бойынша өткен шараға аз қамтылған көпбалалы отбасылар және ауыл жастары қатысты.

 

Р.Нұрсипатов еліміздің әлеуметтік ілгерілеуі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың негізгі міндеттерін қарапайым тілмен түсіндіріп өтті.

Кездесу қатысушылары Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауын қолдайтынын айтып, Қазақстан әрі қарай дамып, жоғары көрсеткіштерге жететініне сенім білдірді. Сонымен бірге сайлаушылар газдандыру, ауылдық дәрігерлік амбулатория жанынан стационар ашу, педиатр-дәрігердің жұмысы, жеке іс ашу үшін өтеусіз несие алу сынды мәселелерді көтерді. Қойылған сұрақтарға Р.Нұрсипатов тұшымды жауап беріп, бірқатарын өз бақылауына алды.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.