home
home home

ҚАРАСАЙДА ӨТКЕН ЖИЫН

Билік пен бұқара

Өрісіне құт дарыған мекен

 

Аудан әкімі Болатбек Байтөленің халық алдындағы есепті кездесуінің алғашқысы сәрсенбі күні Қарасай ауылдық округінен бастау алды. Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің бірлескен есебіне аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қарасай – аудан орталығынан алшақ жатқанына қарамастан, шаруасы шалқыған, өрісіне құт дарып, ел ішіне бақ қонған ауыл. Бұл таулы аймақтағы елді мекеннің жайдары халқы мен ауылдың ажарлы келбеті кімді де болсын сүйсінтері анық. Соңғы жылдары мұнда талай уақыттан бері тұрғындар шешімін күткен күрмеуі қиын мәселелердің түйіні тарқатылып келеді. Бұған есепті кездесуге таң сәріден келген халық назарларына ұсынылған баяндамадан куә болды. Осындай еңселі істердің қатарына ауылға барар жолды, түнгі мезгілде жарқыраған көше шамдарын, кем-кетігі жөнделген ауыз су жүйесін қоссақ ағаттық етпес. Мұны аудан орталығына қатынаған ауыл жұртшылығы растап, атқарылған ауқымды іске алғысын айтып отыр.

Осы ретте, 2018 жылы ауылда қолға алынған жұмыстарға кезек берсек. Кездесуде белгілі болғандай, былтырғы жылы ауылда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен Жанқойлы би көшесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Бәйтелі батыр көшесіне асфальт төселді. Сондай-ақ, жоғарыда атап өткендей, таулы аймақтың табиғаты да ерекше. Мұнда көктем-күз мезгілінде жауған жауыннан сел жүру қаупі басым. Сондықтан, аудан әкімі Б.Байтөленің бастамасымен Сұраншы батыр көшесі жөнделіп, Қырғау көшесі грейдерленді. Көшелер жөнделіп қана қоймай, арық жүйелері кеңейтіліп, қажет жерлерге бетон плиталар орнатылды. Арық демекші, ауылда абаттандыру жұмыстарымен қатар, ауыз су мәселесі де ретке келтірілген. Мәселен, өткен жылы ауылдың ауыз су жүйесі «Қордай су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне өткізіліпті. Осылайша, жарамсыз су жүйесінің құбырлары ауыстырылып, халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат жұмсалған.

Мұнымен қатар, ауылдағы сүт бағытында қызмет ететін «Болашақ» АШК «Фудмастер» ЖШС 70 тонна сүт өткізіп, «Шапырашты» ШҚ өз иелігіндегі қызылша алқабына 29,5 млн. теңгеге заманауи жаңбырлатып суару жүйесін орнатса, «Алатау-Қордай» ЖШС алтын-күміс кен орнын, «Азия сад» ЖШС интенсивті алма бағын құруды қолға алған. Округтегі игі істер тілге тиек етілген жиында тұрғындар тарапынан азын-аулақ сұрақтар да болды. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға лайықты, олар жуық арада шешімін табатын болды.

Жиын соңында Қарасай ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Асық Валиев, ауыл тұрғыны Жұмабек Тоқаевтар аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген бағасын беріп, атқарған ісіне алғысын білдірді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.