home
home home

Қаракемердің өз саябағы бар

 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Қаракемер ауылында Жастар саябағы ашылды. Бүгінде саябақ ауыл тұрғындарының бос уақытын өткізетін сүйікті орынға айналып үлгерген. Ауылдық әкімдік жанында бос тұрған жер қоршалып, ағаштар отырғызылып, арнайы орындықтар орнатылған. Қазіргі таңда саябақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде.

Болашақта саябақ жастар үшін мәдени іс-шаралар өткізетін орын болатынына сенімдіміз, – дейді қаракемерліктер.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Бұл үшін елді мекенді газдандыру, жол салу, ауыз сумен қамтамасыз ету, абаттандыру қажет. Саябақтың ашылуы салтанатты түрде желтоқсан айына жоспарлануда.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.