home
home home

Қаракемерде жақсы жаңалық көп

Аудан басшысының халық алдындағы есеп беру кездесуі Қаракемер ауылында жалғасты. Жиналған қауым алдымен арнайы дайындалған бейнеролик арқылы өткен жылы ауданымызда атқарылған ауқымды істер жайын тамашалады. Одан кейін ауыл әкімі Ж.Бақаевтың есебі тыңдалып, содан соң аудан әкімі Б.Байтөленің және аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатов ауыл тұрғындары алдында баяндама жасады. Өткен жылы қолға алынған толайым істер турасында мәлім еткен Б.Байтөле ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда және сан сала бойынша жеткен жетістіктері турасында кең көлемде баян етті. Мәселен, Қаракемер ауылдық округі бойынша қолға алынған былтырғы жылы аудан басшылығының ұйытқы болуымен №14 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған. Бұл ауыл тұрғындары үшін өте қуанышты жағдай болғанын да ерекше атап өтуге болады. Сонымен бірге, Қаракемер мен Керу ауылдарын жалғастыратын жолды ретке келтіру жұмыстары да қолға алыныпты. Округтегі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс басшысы А.Мырзахметовтың қолдауымен ауданға бөлінген 28 автокөліктің біреуі Қаркемерлік учаскелік инспекторға беріліп, жұмысты жандандыруға сеп болған.​
Баяндамадан кейін аудан басшысы аталмыш округте алдыңғы жылғы есепті кездесу барысында тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар мен өтініштердің де шешімін тапқанын, ал кейбіреулері биыл толығымен шешілетінін жеткізді. ​ Мәселен, биыл ауылға қосымша су мұнарасы орнатылмақ. Бұл ауылдағы ауызсу мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік бермек. Сонымен бірге, ауылдық әкімшілік алдындағы кішігірім саябақ кеңейтіліп, қаракемерліктердің демалыс орнына айналмақ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған, ауыл әлеуетін көтеруге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаракемер ауылының да ажары ашылар күн алыс емес. Ол бойынша қажетті құжаттары дайындалуда. Одан өзге де игілікті істерге толы болған 2019 жылдағы жұмыстар турасында жиын барысында сөз болды. ​
Ауыл тұрғындары тарпынан түскен сұрақтарға да лайықты жауаптар берілсе, зейнеткер С.Әлиев ауыл жайына қатысты бірқатар түйткілді мәселелерді көтеріп, оның барлығына тұшымды жауаптар берілді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.