home
home home

«Қамқор» бастау алды

«Қамқор» бастау алды

Қайырымды істің қасында болып, жомарттықтың жөнін білетін жандар әрдайым белсенділік танытып, ізгі істің бел ортасында жүреді. Осындай жандардың басын қосатын «Қамқор» волонтерлық-қайырымдылық жобасының негізгі жұмысы осында жатыр.

 

Жыл басында облыстан бастау алған жоба аясында ауданымыз бойынша 441 волонтер жасақталған. Негізінен аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік сипаттағы жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған іс-шара 26 наурыздан басталып, әр отбасының әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында адрестік жұмыстар жүргізіліп, арнайы әзірленген сауалнама толтырылған. Осыған орай 24-25 наурызда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында арнайы оқыту жұмыстары өтіп, онда ауылдық округ әкімдерінің салалық орынбасарлары, бас мамандары, аудандық білім бөлімінің мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары жобаның негізгі мақсатымен танысқан болатын. Ауданда бастау алған ауқымды жоба аясында әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтар анықталып, оларға көрсетілетін нақты көмек те айқын болмақ.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта