home
home home

ҚАЛТА ҰРЛЫҒЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!

✔️ҰРЛЫҚ – адамдыққа жатпайтын арам тірлік және ол қылмыс болып табылады.

Қазіргі таңда біреудің адал еңбегімен тапқан ақшасын немесе ұялы телефонын ұрлап, оны «кәсібіне» айналдырғандар көп.

Ұрлық қылмысының ішінде жиі кездесетіні ол ҚАЛТА ҰРЛЫҒЫ болып табылады.

Бұл қылмыстар көбінесе көше бойында жүретін автобустарда, сондай-ақ барлық ойын-сауық орталығы, мейрамхана, кафе, қонақ үй, саябақ, сауда-саттық орталығы, аурухана, вокзал, автовокзал, оқу орталығы мен басқа да халық көп жиналатын мекемелерде орын алады.

Осы ретте аудан прокуратурасы қоғамдық орындарда жасалатын ұрлықтың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына ұсынады:

📌құжаттар мен әмияндарды және ұялы телефондарды полиэтилен пакетке немесе артқы қалтаға салмауды;
жеке заттарыңызға сақ болуды;

📌адам көп шоғырланған жерлерде тым жақын тұруға ұмтылған адамдарға назар аударуды;

📌ақша қаражатын төлем карталарында ұстауды;
қалта ұрлығын көрген кезде, қорықпай, азаматтық белсенділік танытуды және 102 байланыс нөмеріне хабарласуды;

📌өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін көп қабатты және жеке тұрғын үйлерде бейнекамера және домофон қою мәселелерін қарастыруды;


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.