home
home home

ПРОБАЦИЯ ХАБАРЛАНДЫРУ

ЖОБА

 

Қордай ауылы

 

 

2019 жылға Қордай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының пайыздық көрсетілімде 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

3.«Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                 Б.Байтөле

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қордай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «  »_________
№ ___ қаулысына қосымша

 

2019 жылға Қордай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

 

ұйымның атауы жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) белгіленген квота мөлшері
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % Жұмыс орындарының саны (бірлік) Жұмыскерлердің тізімдік санынан % Жұмыс орындарының саны (бірлік) Жұмыскерлердің тізімдік санынан % Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1 «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 192 0,5 % 1 0,5% 1
2 «Жихаз-2»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25 8 % 2 8 % 2
3 «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 78 1% 1 1% 1
4 «Жилкибеков А.Ч.» жеке кәсіпкер 60 2% 1 2% 1
5 Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 33 6% 2
  Барлығы 388

5

4

3

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта