home
home home

Партиялық бақылау арта түспек

 

 

5 мамырда «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев Қордай ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында ол Степной ауылдық округіндегі «Мерей» шаруа қожалығының егіс алқабында болып, шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Алқап басында шаруа қожалығына тиесілі 30 га егістік жерге қызанақ, қияр, қарбыз, бұрыш сынды көкөніс егіліпті. Мұндағы жұмыс өзге шаруа қожалықтарына үлгі боларлықтай. Алқап басында шаруалармен тілдескен Б.Нарбаев жұмыстарына сәттілік тіледі. Осыдан кейін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің тапсырмасына сәйкес партия активімен кездесті. Жиынға партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, фракция жетекшісі және мүшелері, бастауыш партия ұйымының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты. Онда Балабек Нарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында  жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға бөлінген қаражаттың әр тиыны есепті екенін, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүріп жатқан құрылыс нысандарына партиялық бақылау жасау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, 11 мамырда ашылатын нысандардың санитарлық талапқа сәйкес болуы да партия назарынан тыс қалмауы керектігін ескертіп, праймериз-партиялық іріктеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, резервке партияның ең белсенді азаматтары кіруі тиіс екендігін де атап өтті. Кездесу барысында партия тарапынан карантин кезінде көмек ретінде бөлінген қаражат туралы толық мағлұмат берген Б.Нарбаев тек Тараз қаласында «Біз біргеміз» қорынан 7473 отбасыға 50000 теңгеден көмек берілгендігі, бүгінде 2-ші лекте 9295 адамға көмек көрсетілетінін айтып өтті.

Кездесу соңында Саяси кеңес мүшесі Валерий Сергеев ауданда суармалы су тапшылығы бойынша өз ұсынысын айтса, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Біржан Әлімбет Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай майдангерлерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары ұйымдастырылып жатқандығына тоқталып, аудан ардагерлері атынан ҚР Президентіне, Елбасыға, облыс және аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Жиыннан кейін Б.Нарбаев ҰОС ардагері Иван Ирхиннің үйіне барып, мерекесімен құттықтап, азық-түлік себетін ұсынды. Сонымен қатар, «Біз біргеміз» акциясы аясында Қордай ауылының тұрғыны, көпбалалы ана А.Кенжалиеваның отбасында болып, азық-түлік себетін тапсырды. Содан кейін «Флагман» сауда орталығына барып, азық-түлік тауарлары қорының мөлшеріне, бағасына зерделеу жасады. Онда дүкен иесіне күнделікті тұтынатын тауарлардың құнын Үкімет бекіткен шекті бағадан асырмау қажеттілігі айтылды. Осы ретте сауда үйі басшылығына санитарлық нормалар талаптарын қатаң сақтау бойынша ескерту айтылды. Осыдан кейін  «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалғұты ауылындағы жаңа салынып жатқан 180 орындық орта мектептің құрылысымен танысты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.