home
home home

Парижден жеңіспен оралды

Парижден жеңіспен оралды

Мәдидің алғашқы байқауы Алматы қаласында «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен байқауда жүлделі ІІІ орын алады. 2017 жылы өнер мектебін тәмамдаған Мәди Мырзахан аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына келеді. Онда ол белгілі әнші Төлеген Қыдырбектің вокалдық үйірмесіне қабылданып, ән айту өнерін ары қарай дамытады. 2018 жылы V республикалық «Атадан мұра» байқауында қайтадан бағын сынап қатысып, бас жүлдемен қатар, Франция астанасы Парижде өтетін байқауға жетекшісі Шолпан Қарабаева екеуі жолдама ұтып алады. Сондай-ақ, сол жылдың жазында Мәди Мырзахан БЖШО-ның өзге де шәкірттерімен Македонияның Скопия қаласында 11 елдің өнерпаздары қатысқан халықаралық ән додасында бірінші орынды жеңіп алады. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, осы жарыстардан кейін Мәдидің өнерге деген махаббаты ұлғая түседі. Оны алдағы үлкен байқаудың бірі Париж күтіп тұрады. Күн демей, түн демей барын салып дайындалған Мәди Париж қаласының сахнасында халық әні «Екі жиренді» тамылжыта шырқайды. Тыңдаған құлаққа тәтті естілетін әннің әуені, нақышқа келтіріп орындаушылығына тамсанған қазылар алқасы бірауыздан Мәди Мырзаханды жарыс жеңімпазы деп санайды. Өзінен басқа топқа түскен қазақстандық әншілердің де бұл күні айы оңынан туады. Осылайша, «PARIS JE TAIME»  байқауының жеңімпазы Мәди Мырзаханға күзде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін кіл мықтылар бас қосқан ақтық сынға жолдама алды.

– Мен өзге елдің сахнасында Қазақстаннан деп атағанда шын қуандым. Бұл да арманымның бір бөлшегі. Өнер жолында ешкімнен кем қалдырмайтын жанашырларым әжеме, әке-анама ерекше алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар, ұстаздарым Шолпан Қарабаева, Төлеген Қыдырбек және де «Атадан мұра» қорының директоры Талғат Сауранбаев мырзаға да алғысым шексіз, – дейді жас өнерпаз.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта