home
home home

Отарда жаңа әкім

 

 

Аудандағы ірі елді мекендер қатарына жататын, құрамына Гвардейский қалашығымен қатар Аңырақай, Бел ауылдары кіретін Отар ауылдық округіне жаңа әкім сайланды. ҚР Сайлау туралы Заңына сәйкес мәслихат депутаттары өткен сенбіде өз таңдауларын жасады.

Әкім болуға үш үміткер тіркеліп, олар осыдан біраз уақыт бұрын депутаттарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынған болатын. Ал, сенбі күні аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев және мәслихат депутаттарының қатысуымен округ әкімінің сайлауы жасырын дауыс беру арқылы өтіп, әр қатысушы таңдаған үміткеріне өз дауысын берді. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген шара барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жаңа әкімнің есімін атады.  Отар ауылдық округінің әкімі болып Сағатбек Тәтібеков сайланды.

Қордай ауданының тумасы Сағатбек Тәтібеков ауыл тұрғындары арасында беделі бар азамат. Жоғары білімді, тәжірибелі маман көп жылдан бері аудан экономикасын дамытуға өзіндік үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта жаңа әкім Отардағы жағымды да ауқымды істерімен қуантады деген сенімдеміз.

Серғазы Манасбаев

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.