home
home home

Отан қорғаушылар ұлықталды

Отан қорғаушылар ұлықталды

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара аудандық Мәдениет үйінде өтті. Алдымен ҚР Әнұраны шырқалып, одан кейін жүргізушілер ерлік пен елдіктің мерекесі турасында айтып өтіп, жиналған қауымды құттықтау үшін сахнаға аудан әкімі Болатбек Байтөлені шақырды. «Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған елге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы», –  деген аудан басшысы бірқатар азаматтарды марапаттады.

Гвардейский гарнизоны әскери-тергеу бөлімінің бастығы Талғат Джаиков, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай аудандық бөлімінің қызметкері Айдар Умиралиев, 40-шы «Отар» әскери базасының басшысы Талғат Уразалиев, 2038 әскери бөлімі шекара заставасының старшинасы Ренат Бажбаков, Қордай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің күзетшісі Болат Байзақов аудан әкімінің Құрмет гармотасымен марапатталса, 15632 әскери бөлімінің командирі Жанат Бектұрғанов, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай аудандық бөлімінің қызметкері Павел Щербинин, Қордай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жеңісбек Мамытов, 2038 әскери бөлімінің шекара застава старшинасы Шерхан Қадыров, 2038 әскери бөлімінің комендатура старшинасы Дәулет Молдакен, АІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Болат Сатылғанов, АІІБ қару шебері Алмаз Оспанов, АІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі Шыңғыс Ещиғанов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің күзетшісі Нұрлан Нүрке, АІІБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы Дидар Игібай, АІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі Санжар Қапаров Алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Алғыс хатымен ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай аудандық бөлімінің қызметкерлері Арман Қожабеков, Мәулен Оспанов, АІІБ азаматтық қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры Айдар Тезекбаев, АІІБ ақпараттық-аналитикалық  тобының аға инспекторы, полиция майоры Ғалым Аметкулов, АІІБ жедел криминалдық тобының аға криминалисі, полиция майоры Бақтияр Саржанов, АІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Талғат Дәрменов, Аухатты поселкелік полиция бөлімшесінің анықтау тобының анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Жанайдар Жұмабай, Қордай ауданының көші-қон полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Айбар Жолдасбай, 82796 әскери бөлімінің реактивті артиллерия дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Әлішер Тасқалиев, 75263 әскери бөлімінің полк сержанты Талғат Ілесов, Қордай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің күзетшісі Серік Ожикеев марапатталды.

Осыдан кейін мерекелік құттықтау сөзін аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов жеткізіп, ізгі тілектерін айтып, бірқатар азаматтарға марапаттау жүргізді. Қордай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен ҚР ҰҚК Жамбыл облысы департаментінің Қордай ауданының бөлім қызметкері Жазира Өмірова, 40-шы «Отар» әскери базасының идеология және арнайы насихаттау жөніндегі аға офицері Сандуғаш Наханова, АІІБ кадр саясаты жөніндегі орынбасары Бауыржан Әбдікерімов, Қордай аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Ринат Абдужалиев марапатталса, Алғыс хатқа ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай аудандық бөлімі қызметкерлері Ердәулет Жетпісбай, Расул Муслимхан, 2038 әскери бөлімінің қор заставасының бастығы Нұрлан Жұмабаев, 2038 әскери бөлімінің қор заставасы бастығының орынбасары Нүркен Ибрагимов, 2038 әскери бөлімі шекара заставасының қызметтік ит нұсқаушысы Ержан Алданазаров, 21450 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Дамир Сұлтанбеков, Қордай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше сержанты Саят Қаймолдаев, Қордай ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Жарас Батыров, Қордай ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Руслан Кожахметов, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Габиль Гусейнов, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Сейілбек Садырбаев, АІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі Ескендір Унербеков,  жергілікті полиция бөлімінің есірткіге қарсы күрес тобының жедел уәкілі Ермек Сабиров, полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Серік Насырқұл, жергілікті полиция бөлімінің уақытша қамақта ұстау изоляторының полицейі Ислам Абайбеков ие болды. Одан әрі мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта