home
home home

Орта және шағын кәсіпкерліктің 2019 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы туралы ақпарат.

Қордай ауданындағы орта және шағын кәсіпкерліктің 2019 жылдың

қаңтар-наурыз айының қорытындысы туралы ақпарат.

 

Шағын және орта бизнесаудан экономикасының дамуында басым бағытты шағын және орта бизнес алып тұр. Қазіргі таңда, Жамбыл облысының статистика департаментіның ақпаратына сәйкес ауданда шағын және орта бизнес тіркелген субъектілері 8332 бірлікті құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,3% өскен (8065 бірлік), оның ішінде: жеке кәсіпкелерге тиесілі – 62% (5183 бірлік), шаруа қожалықтары – 27% тиесілі (2224 бірлік), заңды тұлғалар – 11% (925 бірлік).

Сауда айналымықаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымы 4176,3 млн. теңге құрап, нақты көлем индексі (НКИ) 130,2 пайыз құрады. Көтерме сауда айналымы 2444,4 млн. теңге құрап, НКИ – 115,4 пайыз құрады.

Өнеркәсіпқаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 3182,9 млн. тенгенің өнімдері өндірілді, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңге 104,0 пайыз құрады.

Инвестиция тартуқаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 2306,5 млн. теңге (2018ж. 1894,2 млн. тг) құрап, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 118,7 пайыз.

Индустриалды-инновациялық даму туралыбүгінгі күні ауданында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 49 млрд. 996 млн. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 510 және іске қосылу кезеңінде 945 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда.

1) 2017 жылы бағдарлама аясында «Первомайские деликатесы» ЖШС-нің – шұжық өндіретін цехын жаңарту жобасы жүзеге асырылды. Жоба құны 223 млн. теңге, іске асыру мерзімі 2014-2017 жылдар, қуаттылығы – жылына 3000 тонна ет қайта өңдеу.

Мемлекеттік қолдауы: «Даму өндіріс-ІІ», бағдарлама шенберінде «Цесна» банк арқылы 6 пайызбен жеңілдетілген несие алынды. Бұдан басқа  кәсіпорынға қажетті газ құбырын тартуға облыстық бюджеттен 30 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстар жүргізүліде.

2) «Қордай сүт өнімі» ЖШС-нің – балмұздақ шығаратын цехын кеңейту инвестициалық жобасы. Іске асыру мерзімі 2018-2019 жылдар, жоба құны 133 млн. теңге, құаттылығы – жылына 160 тонна өнім өндіру.

Мемлекеттік қолдауы: «Даму өндіріс-ІІ», бағдарлама шенберінде «Цесна» банк арқылы 6 пайызбен 117 млн. теңге жеңілдетілген несие алынды.

3) «GREENWILL»  ЖШС-нің заманауй талаптарына сай жылыжай құрылысы, жаңа технологияларды және аквапоника жүйесін қолдана отырып салаттармен балық өндірісі жобасы, жоба құны 923,0 млн. теңге, қуатылығы жылына 329 тонна салат жапырақтарын және 41,8 тонна балық өндіру.

         Мемлекеттік қолдауы: «Аграрлық несие корпорациясынан» 403 млн. теңге 8 пайыздық жеңілдетілдеген несие алды.

4) «BioVet KZ» ЖШС-нің – ветеринарлық препараттарды өндіру биокомбинатының құрылысы. Жобаның құны – 2 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2015-2019 жылдар, құаттылығы – жылына 25 млн. доза вакцина өндіру.

Мемлекеттік қолдауы: 206,8 млн. теңгеге инфрақұрылым (оның ішінде: екі су құбыры, насосты станция, резервуар, электр қуаты желісі – 3 км және 3 трансформатор (1х4000 кВт, 2х2500 кВт) орнатылды.

5) «Алатау Қордай» ЖШС-і – «Қыргау» алтын кен орнында 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші-зауыт салу. Іске асыру мерзімі 2015-2021 жылдар, жоба құны – 1692,2 млн. теңге, құаттылығы – жылына 1500 кг. концентрат өндіру.

Мемлекеттік қолдауы: 28,6 га жер бөлініп берілді, тікелей келісім сөздер арқылы «Қыргау» алтын кенін барлау жұмыстарын жүргізу үшін контрактқа отырды.

         6) «Aurum Deutschland» (Аурум дойчланд) ЖШС-і – тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру. Іске асыру мерзімі 2014-2021 жылдар, жоба құны 45,025 млрд. теңге, құаттылығы – жылына 5100 кг. алтын өндіру.

         Мемлекеттік қолдауы: 130 га жер бөлініп берілді, тікелей келісім сөздер арқылы «Қаратас-Майбұлақ» алтын кенін барлау жұмыстарын жүргізу үшін контрактқа отырды.

          «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2019 жылы 6 жобаны 889,7 млн. теңгеге іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде:

1.«Central Asia Gold Corp» – айналым капиталын қаржыландыру үшін 100 млн. теңге «Сбербанк» АҚ-нан несие алу жоспарлануда. Қазіргі таңда құжаттары банкке тапсырылып, шешімі күтілуде.

  1. «Ветро Инвест» ЖШС-і несие бойынша 700 млн. теңге «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы рефинансирование жүргізу жоспарлануда.
  2. ЖК «Имашева» несие бойынша 4,7 млн. теңге «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы рефинансирование жүргізу жоспарлануда.
  3. «Алтын ұя» ЖШС-і, Бетқайнар ауылында балабақшаны кеңейту, несие соммасы 25 млн. теңге, «Қазақстан Халық банкі» АҚ барды, құжаттарын жинақтауда;
  4. «Ернур 550» ЖШС-і Ауқатты ауылында балабақшаны кеңейту, несие соммасы 20 млн. теңге, «Қазақстан Халық банкі» АҚ барды құжаттарын жинақтауда,
  5. «Алихан2» ЖШС-і Қордай ауылында ғимарат сатып алу, балабақшаны кеңейту, несие соммасы 40 млн.тг., «Қазақстан Халық банкі» АҚ барды, құжаттарын жинақтауда.

«Береке3» бағдарламасы бойынша ағымды жылы «Куликов и К» ЖШС-і айналым капиталын қаржыландыруға 50 млн. теңге несие алды.

«Даму өндіріс » бағдарламасы аясында 1 жобаны 100 млн. теңгеге – Қордай Корм» АӨК іске асыру жоспарлануда. Құрама жем өндірісі, жоба құны 380 млн. теңге. Ашылатын жұмыстар орны 25-30 адам. Өнім құаттылығын жылына 28 мың тонна. Кәсіпорынға қосымша қондырғы сатып алуға «Евразия» АҚ Жамбыл облыстық филиалы банкіне 100 млн. теңге несие алу үшін құжаттары тапсырылып, 50 млн. теңгеге банк тарапынан келісімін алды. Қалған соммамын басқа бағдарламалар арқылы алуды көздеп отыр.

         Бұдан бөлек «Қордай Корм» ЖШС-не, «Гринвилл» ЖШС-не мемлекет есебінен жетіспейтін инфрақұрылым тарту жоспарлануда. Қазіргі таңға серіктестіктер жобалық сметалық құжаттамаларын жасауда.

Несиелендіру бойынша:

          КМФ» ЖШС-і арқылы  2019 жылдың 1-і тоқсанда  590,7 млн. теңге 1028 азаматқа несие берді.

«Қордай» Несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы  2019 жылдың 1-і тоқсанда 182,464 млн. теңге 20 шаруа қожалықтарына берілді.

«Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 135 адам оқыту жоспарлануда, 57 адам қазіргі таңда оқытылуда.

         Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы  аясында 2019 жылы 125 адамға несие беру жоспарлануда. Қазіргі таңға қаражат несиелендіруге бөлінген жоқ.

 

 

Қордай ауданы әкімдігінің

кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм

бөлімінің басшысы                                                            Қ.Маметов

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта