home
home home

ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР,КӨРІКТІ ҚОРДАЙ

Қордай ауылының өзінде 2020 жылы 119 нысан қолданысқа берілді. Атап айтсақ, бұл қатарда аудан орталығындағы 101 көше асфальтталса, 8 көшеге тротуар төселіп, 9 көшеге жарық шамдары орнатылып, оншақты аулаға асфальт төселіп, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылды. Жібек жолы көшесінің екі жағындағы кеңес дәуірінен қалған тротуар түгелдей жаңартылып, жалпы алғанда Қордай ауылында 20 шақырымға жуық жаяу жүргіншілер жолы жөндеуден өтті. Жібек жолы көшесінің бойына 300-ден астам екі жақты заманауи жарық шамдары мен бағаналары орнатылды. Аңырақай, Бөлтірік би, Подгорная, Жеңістің 40 жылдығы, Пушкин, Шынтасов, Жолбарыс батыр, Әл Фараби және Қарасай батыр көшелеріне заманауи жарық шамдары  орнатылды.  Қордайда бұрын-соңды мұндай жұмыстар тек бір жылдың ішінде атқарылған емес.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.