home
home home

Оқушылар жеңіс жолында

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту», «Туған жер» бағдарламасының бөлігі бойынша жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі өткен болатын.

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы» өткізген байқауға ауданымыздан №1,2,4 және 51 орта мектептерден 4 оқушы қатысып, жүлдемен оралды.

Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Айғаным Смаил (жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Г.Абуева) «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Қордай ауданының болашақ инфрақұрылымын көрсетіп, сәулет өнерін дамыту жоспарымен таныстырғаны үшін жүлделі І орынға ие болса, №51 орта мектептің 10-шы сынып оқушысы Ұлжан Алиева (жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Б.Тынысбай) «Менің кішкентай Отаным: адамдар, тұлғалар, оқиғалар» тақырыбында эссе жазып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Ал, М.Ломоносов атындағы №2 орта мектептің 9-шы сынып оқушысы Ақсәуле Бесбай (жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Р.Тұрғынбай) ауданымыздың даму тарихымен, географиясымен, сонымен қатар тарихи ескерткіштерімен таныстырып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар Жамбыл облысы әкімдігі  білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық байқауының республикалық кезеңіне Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп гимназияның 10 сынып оқушысы Айғаным Смаил жолдама алды. Республикалық кезең 2020 жылдың 3-5 қараша күндері өтеді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.