home
home home

Оңды әрі орынды шешім

Пікірлер тоғысы
Оңды әрі орынды шешім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 сәуірде короновирусқа қатысты мәлімдеме жасап, жалпы еліміздегі бүгінгі ахуал турасында толыққанды түсініктеме беріп, еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып Төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. Онда Президент бұл біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы, дегенді алға тартты. Осы орайда бұл шешімнің өте оңды екенін ерекше атап өткім келеді. 16 наурызда елімізде төтенше жағдай жариялап, қауіпті індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында уақытылы қабылданға шаралардың орынды әрі уақытылы болғанын бүгінгі күннен анық байқаймыз. Індетті елемеген елдердің қандай ауыртпалық тартып, адами және экономикалық тұрғыда шығынға батып жатқанын күнделікті ақпарат құралдары арқылы есіп, білудеміз. Мемлекет басшысының осы жолғы шешімінің оңды әрі орынды екеніне күмән жоқ. Осы шаралар барысында көптеген азаматтардың қиындыққа ұшырауын да ескерген мемлекет басшысы кешенді шараларды қолға алу бойынша Үкіметке тапсырма беріп, оның шапағатын қарапайым жұрт сезінді.
«Біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз керек. Бұл жөнінде Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің 24 сәуірде өткен отырысында нақты айтты. Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды. Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады. Бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр. Шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз. Сондықтан экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет»,- деді Президентіміз өз мәлімдемесінде. Ендеше аздаған сабырлық танытсақ, қалыпты өмірге қайтып оралар күн де алыс емес, деген ойдамын.

Қордай ауданының Құрметті азаматы Т.Сүгірб


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.