home
home home

Облыстан жүлделі оралды

Облыстан жүлделі оралды

 Қордай ауылының орталық алаңында Халық қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы Жол қозғалысының жас инспекторларының аудандық ХІХ слеті өтті.

Тартысты доданың негізгі мақсаты елі мен жерін лаңкестерден қорғап, кеудесін оққа төсеген, тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жанын қиған Тараз қаласының жол инспекторы, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың өшпес рухына тағзым ету. Сондай-ақ, бұл слет жалпы білім беру процесін тереңдетуге ықпал жасайды.

19 жыл қатарынан  өтіп келе  жатқан аталмыш шараға ауданның 12 мектебінің оқушылары қатысты. Осы жылдар ішінде Қордай ауданының жас жол инспекторлары облыстық байқаудан қатарынан 5 жыл бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауларға қатысқан.

Биылғы жылы әр мектептен келген жас инспектор байқауға белсене қатысты. Дегенмен, жарыстың аты жарыс, жүзден жүйрік мыңнан озық болып алға шыққан командалар өз мақсаттарына жетті. Бас жүлдені №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицей, жүлделі бірінші орын №23 орта мектепке бұйырса, екінші орынды №51 орта мектеп пен №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы өзара бөлісті. Ал, үшінші орын №30, №31 және №43 орта мектептер қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтар мен грамоталармен марапатталса, дайындаған ұстаздары Алғыс хаттармен марапатталды.

Аталмыш жарыста жеңімпаз атанған №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицей командасы аудан намысын облыстық жарыста қорғап, жүлделі І орын иегері атанды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.