home
home home

Облыс тұрғыны коронавирустан жазылып шықты

Облыс тұрғыны

коронавирустан жазылып шықты

Жамбыл облысы Шу ауданының 29 жасар тұрғыны коронавирустан сауығып шықты. Қырғызстаннан оралғаннан кейін 24 наурызда одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен болатын. Екі апта ішінде ол инфекциялық стационарда жатып, қажетті ем-дом шараларын қабылдады.

 

Тұрғыннан екі рет талдау алынып, инфекцияның жоқтығы расталды. Ол енді алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады.

Сондай-ақ, бұған дейін ауруы анықталған жүк тасымалын жүзеге асыратын 1958, 1975, 1984 жылдары туған қырғызстандық үш азамат өз Отанына жіберілді. Олардан мемлекеттік шекараны өту кезіндегі тексеріс барысында коронавирус анықталған. Арнайы автокөліктермен олар шекара маңындағы өткізу пунктіне жеткізіліп, ары қарай оларды Қырғызстан Республикасының медициналық қызметкерлері алып кетті.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жұқпалы аурулар стационарында барлығы 41 науқас жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетейік, облыс бойынша дәрілік заттар, медициналық жабдықтар, дезинфекциялық және жеке қорғану құралдары, ПТР мен тест-жүйелерін сатып алуға жалпы 860 млн. теңге бөлінген. Оның 536 млн. теңгесі ҚР Үкіметінің резервтік қорынан, 43 млн. теңгесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық қорынан, 281 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған. Қазіргі уақытта облыстық медициналық мекемелерде сатып алу және жеткізу шаралары жүргізілуде.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.