home
home home

Облыс дамуына атсалысқан жандар

 

31 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында өңіріміздің 80 жылдық мерейтойына орай бірқатар аудан азаматтарына құрмет көрсетілді. Жиынды ашқан аудан әкімі Болатбек Байтөле алдымен биылғы жылдың айтулы мерекесінің бірі Жамбыл облысының 80 жылдығы мен мерекелі жылда жеткен жетістіктерді жіпке тізіп, осыған орай ашылған нысандарды атап өтті.

Сондай-ақ, облыс орталығында өзгеше форматта өткен 80 жылдық мерейтойға ауданнан бірқатар азаматтар барғанын айтып, онда облыстың дамуына еңбек сіңірген жандарды назардан тыс қалдырмай, есімдері аталып, құрмет көрсетілгенін айтты. Онда біздің ауданның азаматтары да аталғанын ерекше атап өтіп, бүгінгі жиын соның жалғасы екенін жеткізді. Мысалы, Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Б.Абдраимов, А.Ақмолдаева,  К.Әбдрахымова, А.Әбдібаев, С.Әубәкірова, Б.Әшімова, С.Байбек, Т.Баймұхамбетов, Э.Барақбаева, М.Бұтабаева, Е.Білдебаев, С.Вансинвин, Т.Гранкина, Б.Даукеева, Д.Двумаров, Б.Двумаров, Г.Джинлир, А.Елемесов, Д.Жазықбаев, Б.Жамангозов, Д.Жұмабаев, Р.Имашева, Е.Келдібаев, Н.Кененова, Ж.Керденов, Ж.Құдайбергенова, М.Құламбаев, Б.Құстүтінов, Р.Ликерова, Р.Маженов, К.Малабекова, М.Мальцагов, Л.Милосы, О.Сейдекеш, Қ.Сүйімқұлов, С.Терісбеков, М.Үсенова, Б.Шоембаев, Т.Шолпанқұл, А.Ыдырысова, А.Ысмағамбетова, Т.Нүсіпбаевтар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Аталған медаль Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсанындағы №372-ө өкіміне сәйкес тағайындалған. Бұл медальмен облыстың даму жолында қажырлы еңбек етіп, тер төккен азаматтар марапатталатынын жеткізген Болатбек Байқонысұлы барша азаматтарды мерекелік марапатпен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыс тіледі.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.