home
home home

«Nur Otan» партиясының басты міндеті

«Nur Otan» партиясының басты міндеті

 

«Nur Otan» партиясы өзінің 20 жылдық тарихында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партия төрағасы Н.Назарбаевтың басшылығы мен беделінің арқасында еліміздің жетекші саяси күшіне айналғаны рас. Партияның атқарып жатқан жұмысы мемлекеттің саяси өміріне ықпал етіп, әр съезі көпшілік талқылайтын маңызды оқиғалардың бірі болып жататыны да шындық.

23 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында тарихи маңызы ерекше болған «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсыну мәселесі болды. Осы орайда Партия төрағасы Н.Назарбаев көпшілікке 2019 жылдың 9 маусымында белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ұсынды. «Nur Otan» партиясының Жарғысына сай, президенттікке кандидатты ұсыну партияның жоғары басшы органы болып табылатын Съездің айрықша құзыретіне жатады.

Елбасының бұл ұсынысы мемлекеттің стратегиялық бағдарын жалғастырып, сабақтастықты қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие болары анық. XVIII съезде Партия төрағасы алдымызда Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндік беретін дамудың жаңа үлгісін құру міндеті тұр деп айтқаны есімізде. Бұл жолы Н.Назарбаев партия мемлекеттің саяси және экономикалық бағыт-бағдарды сақтаудың және белгіленген міндеттерді іске асырудың кепілі болуы керектігін ерекше атап өтті. Съезде партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда партияның басты міндеті Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындаған стратегиялық мақсаттарға жету жолында аянбай еңбек ету керектігін жеткізді.

Партия Төраға белгілеген еліміз үшін іргелі құндылықтарға адалдықты сақтайды. Олар – тәуелсіздік, жалпы ұлттық бірлік, бәсекеге қабілетті мықты экономика, зияткерлік өркендеуші қоғам, әлемде беделі бар әділетті  мемлекет құру.

 

Дамира СҮГІРБАЙ,

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы

 төрағасының бірінші орынбасары


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.