home
home home

«Нұр-Ниет» шапағаты

«Нұр-Ниет» шапағаты

Адам баласының көркем мінезі ол қарапайымдылық пен қайырымдылығында. Осындай көркем мінезді жандар ауданымызда жетерлік. Қашанда қол ұшын созуға жаны құмар жандар үшін ауданда арнайы «Нұр-Ниет» қайырымдылық қоры» құрылған болатын. Аталмыш қор бүгінде көмекке зәру жандарға қол ұшын беру жолында жұмыс жасап келеді.

 

Өткен аптада «Нұр-Ниет» қайырымдылық қоры» тағы да  көптеген отбасына қуаныш сыйлады. Аудан әкімдігі мен аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен көмекке мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетіліп, азаматтар алғысқа бөленді. Атап айтсақ, бұл күні 12 отбасыға азық-түлік  таратылды. Сондай-ақ, аз қамтылған, көпбалалы 18 отбасыға киім-кешек берілді. Бұл қайырымдылық шараны  қордың дәстүріне айналған игі іс. Осы уақытқа дейін аз қамтылған отбасыларға қуаныш сыйлап жүрген «Нұр-Ниет» қайырымдылық қоры» осы бағыттағы жұмысын жалғастыратын болады. Бұл күнгі іс-шараның шапағатын сезінушілер ұйымдастырушыларға деген алғыстарын айтып, баталарын берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.