home
home home

«Нұр-Ниет» қайырымдылыққа құштар

«Нұр-Ниет»

қайырымдылыққа құштар

Аудан орталығындағы тағы бір игі істің бастамасы ретінде «Нұр-ниет» қайырымдылық дүкені ашылды. Мұнда көп балалы және аз қамтылған отбасыларды киім-кешек пен өзге тұрмысқа қажетті заттармен қамтымақ.

Нақтырақ айтсақ, жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың қайырымдылық көмек ретінде ұсынған киім-кешектері, азық-түлік және тағы басқа қажетті тұрмыстық заттары дүкен сөрелеріне қойылады. Мұқтаж жандар дүкеннен өзіне қажет киімдерді тегін алады, сондай-ақ, мүмкіндігінше қосымша азық-түлік беріледі. «Нұр-ниет» қайырымдылық қорының сауапты ісіне әр тұрғын атсалыса алады. Бұл дүкен арқылы өмірде қиын жағдайға тап болған жандар қамқорлықты іс-жүзінде сезінеді.

«Нұр-ниет» қайырымдылық қоры жұмысын жақында ғана бастады. Күлшат Ермұхаметова басшылық ететін қоғамдық ұйым аудандағы көмекке мұқтаж азаматтарға арналған. Қоғамдық бірлестік тұрғындарға тек материалдық көмек емес, сонымен қатар құқықтық, тіптен психологиялық көмек көрсетуге де дайын. Күлшат Ермұхаметованың айтуынша, бүгіннің өзінде қоғамдық қордың жұмысына атсалысамын деген азаматтар өз көмектерін ұсынуда.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.