home
home home

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам»

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам»
Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» тақырыбындағы көшпелі көрме жобасының кезекті кезеңі басталды. Ең әуелі Тараз қаласынан басталған көшпелі көрме біздің ауданға да жетіп, бүгін Әлжан ана ауылында өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов және оның орынбасары Күләйша Ақтаева қатысты.
Бұл ауылдың таңдалуы бекерге емес, Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы туып өскен ауыл болғандықтан, оның маңызы да арта түсті. Ауылдық мәдениет үйіне жиналған тұрғындар Елбасы жайында сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер және архивтік құжаттармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Көпшіліктің назарына «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясының негізінде «Тарихи таңдау. Бастамасы», «Тарихи таңдау. Ұмтылыс», «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиялар ұсынылды.
Іс-шара барысында Әмірхан Рахымжанов аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозовқа аталмыш шараны ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін Алғыс хат ұсынып, Елбасы жайында бірнеше құнды кітаптарды тарту етті. Енді бұл тарихи кітаптар аудан кітапханаларында көпшіліктің назарына ұсынылатын болады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.