home
home home

Мың алғыс сізге, ардагер!

Мың алғыс сізге, ардагер!

Елімізде көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні деп белгіленгелі ауданымызда игі іс-шара ұйымдастыру дәстүрге айналды. Бұл дәстүрді жалғастыруды мақсат тұтқан аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы «Бастау» бастауыш партия ұйымының мүшелері Қордай ауылында тұратын бірнеше ҰОС ардагерлерін және көмекке мұқтаж бір отбасыны айтулы мерекемен құттықтады.

 

Әрине, жастайынан ауыр еңбекке араласып, қан майданнан өткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері алғыс айтуға тұрарлық жандар. Құттықтаушылар ең әуелі Абай Тойғұловтың үйіне барды. Әдетінше медальға толы костюмін киген қария қонақтарды жылы қарсы алды. Қызметкерлер ардагермен естелік суретке түсіп, өлең айтып, көңілін көтеріп, кішкентай балалар өз қолымен жасаған сыйлықтары мен азық-түлік себетін тарту етті. Кейіннен мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының қызметкерлері ардагер Николай Кожушконың үйіне барып, дәл сондай кәде сый тарту етіп, үлкен алғысын айтты. Николай Федорович қонақтарға риза болып, өз өмірінен қызықты естеліктерін айтып, ақыл-кеңесін де аямады. Ал, келесі ардагер Григорий Охмат қонақтардың берген сыйлықтарына жауап ретінде оларға кітап сыйлады. Құттықтаушылар ардагердің хал-жағдайын сұрап, бүгінгі бейбіт өмір үшін алғысын айтты. Сонымен қатар, бұл күні мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының қызметкерлері көмекке зәру отбасының үйіне барып, біраз азық-түлік, киім-кешек ұсынды.

Әрине, алғыс білдірудің маңызы зор. Адамдар бір-біріне мейірімділік танытып, сыйлық сыйласа, өзара сүйіспеншілігі артады, достығы нығайып, үлкен рухани әсер береді. Ата-бабамыз қашанда алғыс айтуды өсиет еткен.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта