home
home home

«Музейге сый тарту» акциясы

Музейге сый

Аудандық тарихи-өлкетану музейі өзінде сақтаулы жәдігерлерді көбейту мақсатында жыл сайынғы «Музейге сый тарту» акциясын жариялайды. Акция үстіміздегі жылғы 15 маусым және 15 тамыз аралығында өтеді. Осы мерзім аралығында аудандық тарихи-өлкетану музейі аудан мен ауылдық округ тұрғындарынан ел тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін жәдігерлерді ризашылықпен қабылдайды. Музей үшін көне заманнан келе жатқан, ата-бабамыздан қалған жәдігерлер, еліне еңбегі сіңген азаматтардың құжаттары мен суреттері, сонымен қатар тұрмыстық бұйымдар, көркемөнер және қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен жалпы этнографиялық және т.б. заттар құнды болмақ.

«Музейге сый тарту» акциясына үн қатқысы келетін әрбір жанға есігіміз әрдайым ашық. Біздің мекенжайымыз: Қордай ауылы, Қазыбек би көшесі №12, жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығы. Байланыс телефондары: 4-53-84, 87021451025, 87014984774

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта