home
home home

МҮМКІНДІКТІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕЙІК

МҮМКІНДІКТІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕЙІК

Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу рәсімінде еліміздегі жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктер мен көрсетіліп жатқан көмектің нәтижесінде ірі бастамалардың сәтті жүзеге асқандығын айтты.

Президент «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәжірибесі туралы айтып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл бағдарламаны шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде құру қажеттігін де баса айтты. Тіпті, жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын 100 мыңға дейін жеткізу межесін белгілеп берді. Бұл бастаманы толықтай іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Елбасы мысалға алған соңғы жылдағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» жобасы аясында ауылдар мен шағын қалаларда қаншама тұрғын кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп шықты. «Бастау» оқыту жобасына қатысқандардың 25 пайызы 18-29 жас аралығындағы жас-тар. Елбасы Жастар жылына қатысты салтанатты жиында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлер үшін гранттар санын арттыруды тапсырды. Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, бұл мүмкіндік барысында үш жылда шамамен 300 мыңға жуық жас бизнестің қыр-сырын меңгеріп шыға алады. Олардың кем дегенде төрттен бірі өз кәсібін бастайтыны анық. Бұл  кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобаларына жастардың неғұрлым көбірек келуіне септігін тигізбек. Бұған қоса, Елбасы университеттің жоғарғы курстарында оқитын студенттерді де бизнеске бау-луды ұсынған болатын. Осы бағытта бағдарлама дайындалып, оны жүзеге асыруға күш салуды тапсырды. Бүгінде еліміздегі бітіруші курстарда, университеттің жоғарғы курсында оқитын студенттер кәсіпкерлікке қадам басып, өз ісін бастауына бұл орасан зор мүмкіндік деп есептеймін.

Ғалия Қаратаева,

жас кәсіпкер


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта