home
home home

Мешіт жамағатынан жақсылық

Мешіт жамағатынан жақсылық

Жаһан жұртшылығын әбігерге салған коронавирус пандемиясы талай адамдарға қайғы-қасірет әкелгенімен, халықты бірлік пен өзара көмекке үндеп, қайырымдылық қозғалысы қарқын алды. Газетіміздің өткен сандарында аудан кәсіпкерлерінің көрсеткен көмектері туралы жазған болатынбыз. Міне енді аудан жамағаты бұл істен шет қалмай, өткен сейсенбі күні аудандық орталық мешіттің өкілдері коронавирусқа шалдыққан азаматтар мен індетке қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге көмек көрсетті. Зардап шеккендерге көмек көрсету ниетімен діни қызметкерлер аудандық орталық ауруханаға ет пен азық-түлікті осымен бірнеше рет әкелді.

«Мұндай шараны бірнеше рет ұйымдастырдық. ҚМДБ бас муфтиінің тапсырмасы бойынша өткен жолы біз 100 адамға арналған азық-түлік жеткізген болатынбыз. Осы жолы науқастар мен дәрігерлерге күш-қуат беретін азық-түлік әкелдік. Біздің ойымызша дәл осындай кезде адамдар бір-біріне көмектесіп, ең жақсы қасиеттерін көрсетіп, сауапты іс жасау керек. Шамамыз жеткенше ауруханаға және ауырып қалған адамдарға көмектесуді жалғастырамыз. Келесі іс-шараны бейсенбі күнге жоспарлап отырмыз», – дейді Қордай аудандық мешітінің бас имамы Дәурен Құттыбаев. Өз кезегінде аудандық орталық аурухананың өкілдері конақтарға ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық тіледі


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.