home
home home

Мерекелік медаль берілді

 

Соғыс басталғанда тылдағы бар қиындық әйел затының мойнына түскені белгілі. Бар ауыр жұмысты жүргізіп, «Барлығы майдан үшін» деген ұранмен еңбек майданында тер төккен аяулы жандардың жанкешті еңбегі ешқашан да ұмытылмайды.

Мереке қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов тыл ардагері Зухра Қырғызбаеваны арнайы құттықтап барды.

Кездесу барысында ақ жаулықты ана сұрапыл соғыс жылдарындағы күндерін есіне алып, Ұлы жеңіс үлкен еңбекпен, майданнан келген қара хаттар мен тауқыметі мол өмірмен келгенін айтты.

«Біздер жеңіс үшін жігерімізді жанып еңбек еттік. Еш қиындыққа мойымадық. Бүгінгі бейбіт өмір сол бір қиын күндердің өтеуі деп білгеніміз дұрыс. Ол заман ешқашан қайталанбасын. Бүгінгі ұрпақ ондайды көрмесін», – дейді ардагер.

Б.Жамангозов Зухра Қырғызбаеваға денсаулық және амандық тілеп, тыл еңбеккерлерінің еңбегі өлшеусіз екенін айтып, Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен шыққан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы» медалін табыс етті.

Осы күні ауданның өзге де тыл ардагерлері құттықтаулар қабыл алды. Аудан әкімінің орынбасарлары М.Күзербаев, Е.Орынбаев, ауылдық округ әкімдер және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы өкілдері барып құттықтап қайтты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.