home
home home

«Мерейлі отбасы-2019»

 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау мақсатында Қордай ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының                      1 кезеңі өтті.

Ауданымызда «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауы 14 мамырда өткізілген болатын. 19 ауылдық округтен 19 үміткер ниет білдіріп, аудандық комиссияның шешімімен 4 отбасы облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының II кезеңіне жіберліді. Конырбаев Таубалды мен Конырбаева Улсуер  5 ұл, 4 қыз дүниеге әкеліп, олардан 35 немере, 11 шөбере өсіруде. Таубалды мен  Улсуердің жанұя құрғандарына 55 жыл толды.

Сондай ақ, Отар ауылдық округінен Нугмановтар отбасы 2 ұл, 5 қыз дүниеге әкеліп тәрбиелеуде. Нугуманов Жомарт Бақбергенұлы  мен Алдонгарова Гүлжанат Оразәліқызы шаңырақ құрғандарына 19 жыл. Отар станциясының темір жолында жол монтері болып қызмет жолын бастап, 21 жыл ішінде біліктілігін көтеріп, адал еңбегінің арқасында жол бригадирі міндетін атқарып, қазіргі кезде жол шеберіне көтеріліп, еңбегінің жемісін көріп, қызметін білек сыбана атқаруда.

Сонымен қатар, Бетқайнар ауылдық округінен Адамбаевтар отбасы 2 ұл, 3 қыз дүниеге әкеліп, олардан 3 немере,  өсіруде. Адамбаев Малик Жасболатұлы және Адамбаева Асылкүлдің шаңырақ көтергендеріне  31 жыл. Отбасы мүшелері  білім  саласында абыройлы еңбек атқарып келеді. Отбасылық ұстанымдары-халыққа қалтқысыз қызмет ету; Болашақта Ұстаздар династиясы өсіп, келеді. Ауданға танымал, ынтымақты отбасы-көпке үлгілі отбасылардың бірі.

Сондай-ақ Шейченко  жас отбасы 1 ұл, 2 қыз дүниеге әкелген. Шейченко Сергей Владимирович пен Шейченко Евгения Владимировна Жанұя құрғандарына 7 жыл.  Қыздары Светлана мен Полинна Сергеевна  мектеп үйірмерелеріне, аудандық, облыстық байқауларға жиі қатысып жүлделі орындардың иегері атанған.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.