home
home home

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2019» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау мақсатында Қордай ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының                      1 кезеңінің басталуын хабарлаймыз.

Конкурсты өткізудің мақсаттары болып отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі.  Бірінші кезең  –  аудандық, екінші – өңірлік, үшінші – ұлттық.

Конкурсқа қатысушы отбасы конкурсқа келесі  құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың  (қорғаншылардың,  қамқоршылардың)  жеке  басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап  алушы  (қорғаншы)  отбасылар  үшін  –  жергілікті  уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4)  ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса; 

5) балаларды  тәрбиелегені  үшін  алған  көтермелеулердің,  белгілі  бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың,  ата-аналардың  (қорғаншылардың,  қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады.

Ауданда комиссия құрылған. Аудандық комиссия үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы

(отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балаларының жетістіктері;

5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;

6) өздерінің шыққан тегін білуі (шежіре – ру тарихы);

7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

8) отбасының дарындары;

9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);

10) отбасының қоғамдағы беделі.

 

Ұлттық конкурсқа қатысу үшін өтінім ағымдағы жылдың 25  сәуіріне дейін Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне Қордай ауылы, Төле би көшесі 102 мекен жай бойынша беріледі, тел. 2-11-17.

ЕСКЕРТУ: Аудандық  конкурс ағымдағы жылдың 29 сәуірінде өткізіледі.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта