home
home home

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік бейнесі

Қордай ауданы әкімі Болатбек Байқонысұлы Байтөленің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез құлық нормаларын, іскерлік киім кию үлгісін сақтауы бойынша өткен кеңесте берілген тапсырмаларды орындау бойынша Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналдың басқару бөлімшесінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Дадабаева Жанат Сәбитқызымен аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен іскерлік киім киюі, қызметтік әдеп нормаларын сақтауы үнемі қадағаланып отырылады. Аудан әкімдігінің барлық мемлекеттік қызметшілері мекеменің атауы, аты-жөндері, қызметтері жазылған біртекті бэйдждермен, жұмыс үстелдері аты-жөндері жазылған куверткамен қамтамасыз етілген.

 

Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ж.С.Дадабаевамен аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізіліп, кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормаларын сақтауы, жұмыс уақыты аяқталған соң үстеме жұмыстарға жол бермеу, мекемеде икемді жұмыс уақытын енгізу, мемлекеттік органда жұмыс уақыты аяқталған соң компьютерлердің автоматты түрде сөндіру жүйесін енгізу мәселелері кеңінен талқыланды. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, пікір алмасулар болды.

 

 

 

 

 

 

 

Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ж.С.Дадабаева мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерімен әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу мақсатында аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізіп, барлық мемлекеттік қызметшілерге Pocketbook (қалта әдеп кодексі) таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта