home
home home

Мемлекеттік қызметші екенімді мақтан тұтамын

Мемлекеттік қызметке келгеміне, міне, биыл бір жылдан астам уақыт өтті, осы аралықта ішкі саясаттың сан түрлі саласымен таныстым, халық пен биліктің алтын көпіріне айналған – жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына етене араластым.

Негізі функционалдық міндеттерім – өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жандандыру, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру болып табылады.  Жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен ақпараттандыру ағыны саласында алға қойған мақсатым мен жоспарларым ұшан теңіз. Қазіргі кезде халық жергілікті атқарушы органдардың жұмысынан жаңашыл бастамалар мен тың идеялар күтеді. Сондықтан да,  әрбір мемлекеттік қызметкер қай салада болмасын елдің дамуына бағытталған, әсіресе халыққа пайдасын тигізер қызмет атқаруы қажет деп ойлаймын. Тәуелсіз еліміздің басты тірегі, мемлекеттің алға қойған мақсаттары мен саясатын жүзеге асырушы  – мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Ал, мемлекеттік қызметшінің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Сондықтан да мойныма алған жауапкершіліктің жүгі мен үшін әрқашан маңызды.  Мен «жаңа буынның» мемлекеттік қызметшісі екенімді мақтан тұтамын!

Фариза Қорабай, Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.