home
home home

Мемлекеттік қызметкерлер бас қосты

Мемлекеттік қызметкерлер бас қосты

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлермен кездесуі өтті. Оған аудан әкімі апаратының басшысы Мырзағали Күзербаев төрағалық етіп, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдері, аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты.

Жиынға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары Зарина Уразбекова мен Фариза Тулентаева қатысып күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Яғни, күн тәртібінде екі бірдей мәселе Қордай ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлермен ФБШ және мемлекеттік қызмет саласына қатысты заңнамаларға енгізілген өзгерістер турасында қаралды. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге 2017 жылдың 25 тамызындағы жаңғырту бойынша ұлттық комиссия отырысының хаттамасымен 2018 жылдан бастап жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне сынамалы апробация өткізу бекітілгені туралы айтып өтті. Жаңа еңбекақы төлеу жүйесі екі бөлімнен тұрады. Біріншісі – тиянақталған, факторлы балдық шкалаға негізделген, ал екіншісі – ол бонустар. Олар мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау қорытындысы бойынша «үздік» және «тиімді» баға алған қызметшілерге жыл сайын тағайындалатындығын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, ФБШ бойынша жалпы персонал үш топқа бөлінетіндігі жайлы айтылды. А функционалдық топ (негізгі персонал), В функционалдық топ (көмектесуші персонал), С функционалдық топ (қосалқы персонал). Сондай-ақ, Қазақстан Рес-публикасы мемлекеттік қызмет туралы Заңының 15 және 20 бабына қатысты енгізілген өзгерістер туралы, «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенітуралы, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығына өзгеріс енгізілгені жайлы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша толықтай түсіндіріп өтті. Сонымен бірге, «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс-қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қазандағы №27 бұйрығына Агенттік төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс-қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарына өзгерістер енгізілгендігін хабарлап, кадрлық іс-қағаздарды осы Заңның талаптарына сәйкес жүргізу қажеттігін жан-жақты жеткізді.

Кездесуге жиналған мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын Департамент өкілдеріне қойып, заңнама шеңберінде жауаптар алды. Осыдан кейін Қордай ауданы әкімі аппараты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаменті өкілдерімен Қордай ауданы бойынша мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бос лауазымдар жәрмеңкесі 2019 жылдың 23 сәуір күні сағат 15.00-де аудандық Мәдениет үйінде өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінен басқа, ауылдық округтердің, ішкі істер бөлімінің, мемлекеттік кірістер басқармасының және жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.