home
home home

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

 

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Мемлекеттік қызметші халықтың игілігі үшін аянбай еңбек етіп, өзіне жүктелген міндеттерін адал атқаруы тиіс. Мен Қордай ауданы әкімдігінің персоналды басқару бөлімшесінің жетекші маманымын. Мемлекеттік қызметшілерді бағалау, аттестаттау, тағылымдамадан өткізу, марапаттау, аудандағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін марапаттуды ұйымдастыру – менің функционалдық міндеттеріме  кіреді. Мемлекеттік қызмет арқылы өз салам бойынша жан-жақты білім мен дағдылар, мол тәжірибе жинақтадым. Мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілігімен ғана емес, мінез-құлқы, киім киісі жағынан да өзгеге үлгі бола білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшіге деген көпшілік сенімі оның өз міндетін қаншалықты сапалы атқарғанына қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметшінің халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерді заң шеңберінде шешуі талап етіледі. Мен осындай абыройлы қызмет атқарып жүргенімді мақтан тұтамын!

Жанар Кенжебек, Қордай ауданы әкімдігі персоналды басқару бөлімшесінің жетекші маманы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.