home
home home

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет –

абыройлы міндет

 

Өткен жұма аудандық Мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мерекелік жиын өтті. Салтанатты іс-шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Болат Саниязов мереке иелеріне аудан әкімінің құттықтауын жеткізді.

«Қазақстан Республикасы-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыруда мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге шығарып, 15-қадамында мемлекеттік аппараттың кәсіби жетілуін атап көрсетті. Ұлт жоспарында көрсетілгендей, мемлекеттік қызметкер әрдайым барлық қойылған талапқа сай болуы қажет. Мемлекеттік қызмет – елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру. Бұл – бәріміз үшін жауапты қызмет. Сіздердің арқаларыңызға аудан тұрғындарының болашағы мен олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындаудағы жауапкершілік жүгі жүктелгендігін ұмытпай, халқымызға қалтқысыз еңбек ету керек. Сіздерді шын жүректен осы мерекемен құттықтаймын!», – деп Б.Саниязов мерекелік лебізін білдірген соң, еңбегіне адал, өз саласының үздік мемлекеттік қызметшілерін марапаттады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының грамотасымен аудан әкімі аппаратының басшысы Мырзағали Күзербаев, Масанчи ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Исхар Юбузов, Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гульнара Алиева, Үлкен Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ерлан Бердиев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Алина Почуева марапатталса, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен аудан әкімдігінің персоналды басқару қызметінің басшысы Жанат Дадабаева марапатталды. Ал, аудан әкімінің Алғыс хатын келесі азаматтар иеленді: Марфуға Құдайбергенова, Әлия Әлімжанова, Рая Жасыбаева, Серікжан Насырбаев, Мухарме Кимуров, Балжан Кишкенова, Дамира Джаманқұлова, Шолпан Амиркулова, Жолдахан Айыпова, Наталья Попловская, Асқар Шораев, Бике Қараджанова.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауына қатысып, ІІІ орын иеленгені үшін Фариза Қорабай, Бауыржан Жәнетұлы, Қымбат Тортаевалар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ал, «Nur Otan» партиясының Алғыс хатымен Қордай аудандық қазынашылық басқармасының қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маман-бас қазынашысы Сәуле Байтұрғанова, Қордай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Марат Төкенов марапатталды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.