home
home home

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Ауданымызда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бастау алып, биылғы іс-шара «Бақытты балалық шақ» ұранымен өтуде. Игі бастама аясында жомарт жандардың қолдауымен қомақты қаражат жиналып, жаңа оқу жылының қарсаңында көпбалалы немесе аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдары, кеңсе тауарлары мен мектеп формаларын сатып алу көзделген. Осы орайда, бүгінгі күнге аудан мектептерінде қолға алынып үлгерген ілкімді істі тізбектей өтсек.

Мысалы, №26 ОМ 20000 теңгеге 4 оқушыға, №34 ОМ 72000 теңгеге 6 оқушыға, №18 ОМ 24000 теңгеге 3 оқушыға, №13 ОМ 5000 теңгеге 2 оқушыға, №42 ОМ 25000 теңгеге 5 оқушыға, №45 ОМ 16000 теңгеге 3 оқушыға, №28 ОМ 50000 теңгеге 4 оқушыға, №24 ОМ 30000 теңгеге 4 оқушыға оқуға қажетті мектеп формасы, оқу құралдары мен кеңсе тауарларын тарту еткен.

Айта кетсек, «Мектепке жол» акциясы аясында 11 тамыз күні Қордай ауылының Орталық алаңында жәрмеңке өтеді. Сағат 10.00 де басталатын іс-шараға Қордайдың 8 мектебі қатысады. Бұл қайырымдылық пен мейірімділікті ту еткен акция ауылымыздаға дарынды, білімді, алғыр оқушылардың еш кедергісіз мектепке барып, білім алуына ұйытқы болмақ.

Құрметті ауыл тұрғындары, «кең болсаң, кем болмайсың» демекші жомарттық танытып, мұқтаж оқушыларға көмек қолын созып, қайырымдылықтан шет қалмауға шақырамыз.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.